Kyzylorda-news.kz. Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар алаяқтар да қалыспай, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, оған, әсіресе, аға буын өкілдері бой алдырып жатады. Қарт адамдарды алаяқтардың арбауынан қалайша қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz айтып береді.
Фишинг – бұл қаскүнемдер пайдаланушылардың конфиденциалды деректерін «суыртпақтап» тартатын интернет-алаяқтық түрі. Ол үшін алаяқтар фишингтік сайттар, e-mail таратулар, қалқымалы терезелер, таргеттелген жарнама сияқты құралдарды қолданады. Пайдаланушылар сілтемелер бойынша өтіп, зиян қосымшаларды ашса жеткілікті, сол сәтте қаскүнемдер олардың дербес төлем деректерін қолға түсіреді.
Вишинг – бұл да алаяқтықтың бір түрі, бұл жағдайда қаскүнемдер азаматтарды алдау үшін телефон байланысын пайдаланады, яғни оның көмегімен азаматтардың шоттарынан қаржы ұрлайды.
Алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру сервистерін белсенді пайдаланады, сондықтан олар үшін кез келген банктің колл- орталығының 4 таңбалы нөмірін басқа нөмірге ауыстыру түкке тұрмайды. Қарт адамдардың тап болулары мүмкін түрлі оқиғаларды қарастырайық.
«Қауіпсіз» шот
Алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстырып, олардың карточкаларынан бейтаныс біреулердің ақшаны шешіп алуға әрекет жасағандары жөнінде айтады. Ол үшін клиент өз қаражатын дереу қауіпсіз шотқа ауыстыруы қажет деп, ізінше қарияның интернет немесе мобильдік банкингті қолдана алу, алмауын нақтылайды. Содан кейін өзінің зейнетақылық ақшасын қашықтан қалайша аудару болатыны жөнінде нұсқау береді, телефонына қосымшаны жүктеуді ұсынады немесе ақшаны дереу банкомат арқылы аударуға кеңес береді. Бұл ретте алаяқтар асықтырып, қарт адамдарға психологиялық қысым көрсетеді.
Не істеу қажет?
Телефон алаяқтары қарт адамдардың сеніміне кіру үшін барлық айла-шарғыларды қолданады. Мұндай жағдайда ең бірінші – мұндай әңгімені дереу тоқтатып, телефон қоңырауы жөнінде туысқандарға хабарлау не қызмет көрсететін банкке телефон соғу қажеттілігін түсіндіру. Банктің байланыс нөмірі карточканың артқы бетінде жазылып тұрады.
Ешбір жағдайда қоңырау шалушылардың қандай да бір нұсқауларын орындауға болмайды: ақша аударуға, күмәнді қосымшалар орнатуға (мысалы: AnyDesk), қаржы ұйымдарының жалған қызметкерлерінің талабы бойынша SMS-хабарламалардан сілтемелер бойынша өтуге болмайды.
Өзіңіздің дербес деректеріңізді, карточканың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз: CVC/CVV-код (картаның сыртқы жағында көрсетілген үш таңбалы код), растау кодтары, ПИН-кодтар. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары бұл ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды.
Жалған кредит ресімдеу
Егер банктің атынан хабарласып тұрмыз деп қоңырау шалып, клиенттің N сомаға кредит ресімдеуге өтінім берген- бермегенін нақтылайтын болса. Әдетте, алаяқтар осылайша басқа адамның атынан кредит алуға әрекет жасайды. Алаяқтар алдыңғы схемамен жұмыс істейді: сізге шұғыл шаралар қабылдау және олардың нұсқауларын орындау қажеттілігін айтады. Бұл үшін олар ұялы телефонға орнататын және деректерді қорғайтын қосымшаға сілтеме жібереді. Бағдарлама жүктегеннен кейін телефонға SMS немесе push-хабарлама немесе электрондық пошта арқылы хабарлама келеді, содан кейін банктің жалған қызметкері кодты атауды сұрайды және өкінішке орай, кредитті беріп үлгергенін, бірақ алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмағанын хабарлайды. Бұдан әрі ақшаны қорғау үшін бұл қаражатты алаяқтың өзі айтатын басқа шотқа аудару қажет деген нұсқау түседі.
Не істеу қажет?
Кредит «ресімделді» деген банкке немесе оның бөлімшесіне бару қажет, және мүмкіндігінше жағдайды қарап-тексеру жөнінде дереу ресми өтініш жазу керек. Банкте кіріс нөмірімен өтініштің көшірмесін міндетті түрде берулері қажет.
Алаяқтар қоңырау шалған нөмірді банктің қауіпсіздік қызметіне хабарлау, сондай-ақ міндетті түрде құқық қорғау органдарына өтініш жазу қажет.
«Фейк» аударма
Тағы бір алаяқтық схема – ақша аударымдарымен байланысты. Клиентке банктік картаға белгілі бір ақша сомасының аударылғаны туралы SMS келеді. Ізінше оған белгісіз нөмірден қоңырау шалып, ақшаның қате аударылғанын айтып, кері аударым жасауды сұрайды. Алаяқтар аяушылық сезіміне «басып», өздері туралы көптеген мәліметтер, яғни бұл олардың соңғы ақшасы екендігін, олар жұмысынан айрылғанын, қаражат емделуге қажет екендігі сияқты бір сарынды әңгіме айтады. Бұл әлеуетті құрбанды алдарқатуға тырысатын белгі. Кейбір кезде қоңырау шалушылар сізге «мазалағандары үшін» бонус деп қаражаттың аз бөлігін өзіне қалдыруды ұсынады.
Не істеу керек?
Мүмкін алаяқтар сауда алаңында тауарды сатқаны үшін ақы алу үшін әлеуетті жәбірленушінің шотын көрсетуі мүмкін. Егер сіз олардың айтқандарыңа көніп, аударым жасасаңыз, онда сіз ақшасыз ғана емес, сонымен қатар өз басыңызға қосымша проблема тудыруыңыз мүмкін. Себебі, әлеуетті сатып алушы тауарды алмай-ақ құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Ал ақша алушы алғашқы күдіктінің бірі болуы мүмкін.
Сондықтан, егер белгісіз біреулер қарт адамның шотына белгілі бір соманы аударса, онда ешқандай жағдайда оны кері аударуға болмайды және қаражатты шешім алуға болмайды. Қате аударма жасалған болса, оған банк қана көмектесе алады, бірден банктің сенім телефонына қоңырау шалуыңыз керек.
Құқық қорғау органдарынан түсетін «қоңыраулар»
Алаяқтар сіздің қарт туысыңызға қоңырау шалып, «жағымсыз жаңалық» жаршысы болуы мүмкін. Мысалы, сіздің танысыңыз, досыңыз немесе туысыңыздың келеңсіз жағдайларға тап болғанын хабарлауы мүмкін: ол жол-көлік оқиғасына ұшырады, адамды қағып кетті, ауруханада жатыр немесе терактіге қатысты. Кез келген жағдайда қылмыс қорқынышты, салдары қайтымсыз болуы керек. Мәселені қандай да бір сома шеше алады. Бір жағынан, айтқандары айтарлықтай әсер қалдырды, екінші жағынан – сұрап отырған сома тез төлей алмайтындай көп те емес. Негізінен, мұндай алдаудың құрбандары – жақын адамыңызға көмектесу үшін соңғы ақшасын беруге дайын қарт адамдар. Қосымша стресс факторы, әдетте, абоненттің қоңырауларға қол жетімсіздігі болып табылады – алаяқтар мұны да біліп алады.
Не істеу керек?
Ең дұрысы, мұндай сәтте сұрақ қоя бастау. Ықтимал күдікті қай полиция бөлімшесінде? Ол қандай баппен айыпталып отыр? Әрекет қашан орын алған? Ол қай ауруханада жатыр? Бұдан басқа, ҚР ІІМ жедел желісіне және аудандық полиция бөлімшесіне қоңырау шалу керек. Ешбір жағдайда үрейге бой алдырмаңыз, бейтаныс адамдардың шотына ақша аудармаңыз.
Fingramota.kz-тен пайдалы ұснымдар
Қарт адамдарға бейтаныс адамдарға сөзсіз сенудің қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз, тіпті олар өздерін банк, құқық қорғау органдарының немесе арнайы қызмет қызметкерлері болып таныстырса да.
Банк қызметкерлері, банктердің колл-орталықтарының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрау үшін бірінші болып қоңырау шалмайтынын есте ұстаған жөн. Бұл конфиденциалды мәліметтер тек алаяқтарға қажет.
Егер қоңырау шалушылар сізге аты-жөніңізді айтып тұрса және сіздің мекенжайыңызды білсе, бұл адамдар ресми адамдар дегенді білдірмейді. Бұл деректерді көптеген жолдармен алуға болады, олар тіпті интернетте жалпыға қол жетімді.
Қызметкердің аты-жөні мен лауазымын міндетті түрде сұрап, ақпаратты қайта тексеру қажет. Ұлына немесе қызына қоңырау шалған дұрыс, не олар өкілі болып қоңырау шалып отырған ұйымның жедел желісіне немесе колл-орталығына қарт адамдар өз бетінше хабарласқаны жөн.
Егер жақын адам бейтаныс нөмірден қоңырау шалып, қиыншылыққа тап болғанын айтса, оған ақша аударуды сұраса, сөйлесуді аяқтап, оған қайта қоңырау шалыңыз.
Өзіңіздің жеке деректеріңізді, банктік картаңыздың деректемелерін, картаның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV-кодты, құпия сөзін және ақша қалдығын ешқашан және ешкімге айтуға болмайды.
Тағы бір айта кететін нәрсе, телефоныңызға келіп түскен сілтемелерге кірмеңіз, олар фишинг болуы мүмкін. Көзіңіз нашар көрген жағдайда, мекенжай жазылған жолақты дұрыс көре алмай, зиян келтіретін сілтемеге өту арқылы құрылғыға шпиондық бағдарлама орнатылуы мүмкін, ол алаяқтарға смартфонды пайдаланушы туралы барлық ақпаратты беріп отыруы мүмкін.
Қарт туысыңыз бен танысыңызға осы кеңесті үнемі айтып отырыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Фото: Fingramota.kz