Kyzylorda-news.kz ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының талаптарын жоғары деңгейде көтеру мақсатында, Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыруда Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесімен көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

  Әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениеттілігін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен 2022-2025 жылдарға арналған «Өмірді сақта» ведомоствааралық бағдарламасымен бекітілген жоспарға және «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес «Құмар ойынды тоқтат» акциясы, «Өз-өзіне қол жұмсау көріністерін алдын алу», «Сыбайлас жемқорлықсыз армия» он күндік іс-шаралары аясында әскери қызметшілер арасында құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық деректерін алдын алу және мүлде болдырмау бойынша 2024 жылғы қараша айында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен Облыстық жиын пунктінің жеке құрамымен қылмыстық және сыбайлас жемқорлық қылмыстық жауаптылық пен жаза Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі мен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген талаптарды насихаттау жұмыстары арқылы дәрістер өткізілді.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар бәрімізден өз ісімізге адал болуды, адалдығымызға күмән келтірмеуді, әскери қызметшілерге құқықтық тәрбие беруге, құқық бұзушылықтардан ада болуды талап етеді.    

 

Бақтияр Дәуренқұлов,

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі

әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор 

Тағы да оқыңыз: