Kyzylorda-news.kz   Бүгін Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаевтың төрағалығымен мемлекеттік кірістер органының 10 жылдығына орай арнайы мәжіліс өтті.

Аудан әкімі мәжілісте салық түсімдерін молайту арқылы ел қазынасын еселеуде табысты еңбек етіп келе жатқан сала мамандарын мерекемен құттықтап, үлкен мемлекеттік органның құрылу кезеңіне қысқаша тоқталып өтті.

– Қай мемлекет болсын оның экономикалық әлеуеті мемлекеттік салық жүйесімен тығыз байланысты. Осыдан 10 жыл уақыт бұрын осы саладағы өзгеріс үлкен мемлекеттік органның құрылуына сеп болған еді. Яғни, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитеті біріктіріліп, Мемлекеттік кірістер комитеті болып құрылды. Міне, содан бері саладағы құрылым салықтық бақылауды ұйымдастыру жолдарын тұрақты түрде дамытып, әрқашан жаңа әдістермен түрлендіру арқылы ел қазынасын еселеп келеді, – деді аудан әкімі.

Бүгінде саладағы оң нәтижелер айқын сезіледі. Осы жылға аудан бюджетінің өз кірістерінің көлемі 3,3 млрд. теңге болса, оның ішінде дербес бюджет 527,5 млн.теңге болып бекітілген. Өткен жылмен салыстырғанда жоспар 115 млн. теңгеге артық. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бұған ең алдымен халықтың әлеуметтік дамуы сеп болса, аудан қазынасының ұлғаюына салық қызметкерлерінің де қосып келе жатқан үлесі зор.

Аудан әкімі жиында сала қызметкерлерінің еңбегі ескерусіз қалмайтынын айтып, мереке қарсаңында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ә.Жұбандықовқа «облыс әкімінің Алғысы» табысталғанын атап өтті. Сондай-ақ бір топ сала мамандарын «Мемлекеттік кірістер органының үздігі», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл» төсбелгісімен және аудан әкімінің Алғысымен марапаттады.

Мұнан соң аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Әбдікеров кірістер саласындағы оң өзгерістер мен қол жетікізілген нәтижелерге тоқталып, бірқатар әріптестеріне департамент басшысының «Құрмет грамотасын» табыстады.

Жиын соңында құрметке бөленген ардагерлер өздерінің ақжарма тілектерін жеткізіп, сала мамандарының алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

9.jpg8.jpg7.jpg

Тағы да оқыңыз: