Kyzylorda-news.kz   Басында кінәлілер жазаланады деп уәде етілген, бірақ кейіннен сарбаз өзін атып өлтірген деген ақпарат шықты.

Алматыға контракт бойынша ауысқан сарбаз көп ұзамай мерт болды. Анасына қаралы хабар жеткізгендер басында кінәлілер жазаланатынын айтып, кейін ұлы өзін-өзі өлтіргенін хабарлаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Instagram желісінде сарбаздың анасы ұлының фотосуреттерін жариялап, баласының өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды сұрайды.

Астанадағы міндетті әскери қызметтен кейін Алмаз есімді сарбаз Алматыға контракт бойынша ауысқан.

Көп ұзамай ұлының қазасы жайында анасына суық хабар келеді. Басында кінәлілер жазаланады деп уәде етілген, бірақ кейіннен сарбаз өзін атып өлтірген деген ақпарат шықты. Анасы мұндай тұжырымға сенбей отыр.
 

Коллаж: sn.kz / syrymitkulov

Тағы да оқыңыз: