Kyzylorda-news.kz Алимент төлемеген Алматы тұрғынынан Lexus кроссовері тартып алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпанда Алматы қаласы әділет департаментіне атқару өндірісі келіп түскен. Бұл іс қаланың Әуезов аудандық соты шығарған сот бұйрығы негізінде қозғалған. Жергілікті тұрғын баласына табысының төрттен бір бөлігін беруге міндетті еді.
Алайда борышкер 2021 жылдан бері алимент төлемеген, қарыз сомасы 2 744 808 теңгеге жеткен, алайда борышкер сот орындаушысының алимент бойынша берешекті өтеу туралы талаптарын бірнеше рет елемепті.
“Ер адамға мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы процессуалдық шешім қабылдадық. Борышкердің есеп айырысу шоттарында қарызды өтеуге қаражат болмағандықтан, құжат талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің көлігін алу туралы қаулы шықты", – деді заңнамасын реттеу және сот орындаушыларының қызметін бақылау бөлімінің басшысы Әнуар Жексеков.
Фото: Pixabay