Kyzylorda-news.kz. Астананың әділет департаменті жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы 4-5 наурыз аралығында полиция департаментімен бірлесіп "Борышкер" рейдтік шарасын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған рейдтік шара барысында алимент бойынша берешегі бар тұрғындардың автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданды.
Нәтижесінде бүгінге дейін 857 160 теңге, 1 518 626 теңге, 2 483 773 теңге, 2 943 979 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 4 автокөлігі ұсталып, айып тұрағына қойылды.
Жеке сот орындаушылары аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстарын жүргізеді.
Сурет: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі