Kyzylorda-news.kz Ақмола облысында әскери сот подполковникті есірткі таратқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оны есірткі көнбесін жасап жатқанда ұстап алған екен.
"Сотталушы полиция подполковнигі М. тұрғын үйдің терезелерінің темір торларына "гашиш майы" оралған есірткі көнбесін магнитпен бекітіп жатқан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған", – делінген әскери соттың хабарламасында.
Одан жалпы салмағы 23,62 грамм "гашиш майы" есірткі заты бар 34 колба мен жеті шприц тәркіленді.
"Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодексінің 297 бабы “Есірткі құралдарын заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, өткізу” бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді сот.
Подполковник әскери атағынан айырылып, жәбірленушілерге өтемақы қорына 69 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Фото: Pixabay.com