Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Аталған шаралар аясында Сырдария ауданы әкімдігінің жергілікті бюджет қаражаты есебінен улы газды (СО) анықтайтын арнайы датчиктер сатып алынды.

Бұл құрылғылар жану процесі кезінде бөлінетін көміртек тотығы газын дер кезінде анықтап, тұрғындардың улану қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді. Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары датчиктердің жұмыс істеу тәртібін түсіндіріп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде тиісті нұсқаулықтар беруде.

Аталған профилактикалық іс-шаралар алдағы жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

Өрт пен улы газ қаупі – тек ТЖ бөлімінің ғана емес, газ, электр желілерінің және құқық қорғау органдарының бірлескен жауапкершілігі екені рас. Шара барысында тұрғын үйлер араланып, оларға өрт қауіпсіздігі талаптары мен улы газдан уланудың алдын алу бойынша кешенді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл – профилактикалық мәдениетті қалыптастырудың тиімді әдісі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 

Тағы да оқыңыз: