Kyzylorda-news.kz  Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету.

Іс-шара барысында білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының мамандарымен бірлескен мобильді топтар жұмыс істейді. Профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда зардап шеккен азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Полиция азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы дер кезінде хабарлауға шақырады. Әрбір өтініш міндетті түрде қаралып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Фото: polisia.kz

Тағы да оқыңыз: