Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірнеше облысында күн райына байланысты ескерту жасады. 

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, 2-4 сәуір аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 2-3 сәуірде түнде 1-6 градус, 4 сәуірде 2 градус үсік жүреді.

Тараз қаласынжа 2-4 сәуірде кей уақытта тұман түседі. 2-3 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 2-3 сәуірде түнде 1-3 градус үсік жұреді.

2 сәуірде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

2 сәуірде Алматы облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Түнде 1-6 градус үсік жүреді.

Алматыда 2 сәуірде түнде 1-3 градус үсік жүреді. Қонаевта 2 сәуірде түнде 3-5 градус үсік жүреді.

2 сәуірде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады,жылдамдығы 15-20 м/с.

2 сәуірде Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с.

Қызылордада 2 сәуірде шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

 

Тағы да оқыңыз: