Kyzylorda-news.kz Цифрлық төлем карталарын қолмен ұстап көруге болмайды, себебі олар пластик тасымалдағышта емес, алайда оларды смартфонға оңай байланыстырып, офлайн есеп айырысуға болады. Сондай-ақ, оларды толтыруға, басқа карталар мен шоттарға қаражат аударуға, олар арқылы интернет-сатып алулар жүргізуге болады. Көптеген ата-аналар балаларына виртуалды карталарды пайдалануға рұқсат беріп жатады, алайда олардың көпшілігі онлайн-сатып алулар кезінде мұндай карталарды пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік шаралары жөнінде айта бермейді.
Виртуалды картаны қалай дұрыс ресімдеу қажеттілігі және оның артықшылықтары жөнінде, сіздер «OYLA» ғылыми-танымдық журналының келесі санынан білесіздер. Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі-түсті иллюстрациялар, коллаждар – осылардың барлығы жас оқырмандарға материалды тез игеруге көмектеседі.
Балаларға арналған қосымшалар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.
Fingramota.kz балаларға арналған банк картасын қауіпсіз пайдалану қағидалары жөнінде ескертеді – ата-аналар төмендегілер жөнінде баласына үнемі еске салып отырулары қажет:
1. Сізде банк картасының бар екендігі туралы барлығына айтпаңыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін: картаны ұрлау, күштеп алып қою және т. б.
2. Картаны ешкімнің қолына беруге, сондай-ақ фотоға түсіруге болмайды.
3. Сіздің картаңызға жазылған деректерді басқа біреуге беруге, айтуға, жариялауға болмайды.
4. Әрбір банк картасының құпия коды— ПИН-код болады. Оны онлайн немесе банкоматта енгізген кезде карта бойынша барлық операцияларды жүргізуге болады. ПИН-кодты банктің мобильдік қосымшасы арқылы ауыстыруға болады. Сіз оны жаттап алуға немесе өзіңізге кішкентай парақшаға жазып алуға тиіссіз және белгілі бір жерде, шифрланған түрде сақтасаңыз тіпті жақсы. Оны қалай шифрлау өз еркіңізде. Бастысы, ешкім сіздің кодыңызды шеше алмауы қажет. Ешбір жағдайда ПИН-кодты картаның өзіне жазбаңыз және онымен бірге сақтамаңыз.
5. Дүкенде немесе банкоматта ПИН-кодты енгізген кезде пернетақтаны қолыңызбен жауып тұрыңыз, сандарды дауыстап айтуға болмайды.
6. Егер сіз банктік картаңызды жоғалтып алсаңыз, бұл туралы ата-анаңызға дереу хабарлау қажет. Ата-анаңыз дереу банкке хабарласып, картаны ешкім пайдалана алмайтындай етіп бұғаттауды сұрауға тиіс. Карта бойынша операцияларды сондай-ақ мобильдік қосымша арқылы онлайн режимде бұғаттай аласыз.
7. Телефоныңызда оны кез келген уақытта пайдалана алатындай карточкасын пайдаланатын банктің жедел желісінің нөмірін сақтап қойыңыз. Қандай да бір жағдай туындаса, сіз немесе сіздің ата-анаңыз сол нөмір бойынша телефон соғып, карта бойынша ақпарат алу үшін шынында да банк қызметкері хабарласқанын, немесе шындығында олардың банкі ұтыс өткізгені және карта иелері-қатысушылар үшін SMS жіберіп жатқаны жөнінде нақтылай алады. Қоңырау шалу үшін себептер көп болуы мүмкін. Сізге картаны бұғаттау, «қауіпсіздік қызметінің тексеруі», «қате ақша аударымдары» немесе кез келген басқа «қорқынышты» SMS немесе электрондық пошта арқылы хабарламалар келуі мүмкін. Олардың түпнұсқалығын тексеру үшін банктің ресми нөміріне хабарласқан дұрыс.
Қаржылай сауатты адамдар цифрлық төлем карталарын белсенді түрде пайдаланады. Сіз оларды қолыңызбен ұстай алмайсыз, өйткені олар пластик тасымалдауышта емес. Бірақ оларды смартфонмен оңай байланыстырып, офлайн режимде төлеуге, қаражатты толықтыруға, басқа карталарға немесе шоттарға ақша аударуға және онлайн сатып алу жасауға болады.
Виртуалды немесе цифрлық картаны алу үшін осы опцияны ұсынатын банктің қосымшасы арқылы өтініш бере аласыз. Егер кәмелетке толмасаңыз, онда сіз үшін виртуалды картаны тек ата-анаңыз немесе заңды өкілдеріңіз жасай алады. Енді жаңа технологиялар цифрлық картаны бір рет басу арқылы жасауға мүмкіндік береді.
Негізінен мұндай карталар шығып қана қоймай, оларға тегін қызмет көрсетіледі. Оларды пайдаланып сауда жасағанда кешбэк түсуі мүмкін. Сатып алған заттарды цифрлық картамен жай дүкендерде, сондай-ақ интернет-дүкендерде де төлей аласыз.
Дүкеннің веб-сайтында төлем деректемелерін енгізсеңіз, кәдімгі пластик карта сияқты, төлем бетінде виртуалды карта нөмірін, оның жарамдылық мерзімін және үш таңбалы кодты көрсетуіңіз керек. Көп сайттарда сатып алу телефонға келетін тексеру SMS-коды арқылы немесе push-хабарламалар, яғни банктік қосымшаға келетін қысқа хабарламалар арқылы расталады.
Виртуалды картаның төлем деректемелерін банктік қосымшаның жеке кабинетінде «Деректемелер» деген бөлімде көруге болады. Кейбір қосымшаларда деректемелерді автоматты түрде көшіру функциясы бар.
Виртуалды карталардың ең маңызды артықшылығы – олар интернетте сатып алу кезінде қауіпсіздіктің қосымша деңгейін қамтамасыз етеді. Мұндай карталар негізгі банктік шотпен байланыстырылмайды, тіпті виртуалды карта туралы ақпарат сыртқа таралып кетсе де, негізгі шоттағы қаражат қорғалған күйінде қалады.
Картадағы ақшаны алаяқтардан қорғауға көмектесетін банк карталарын қауіпсіз пайдалану қағидалары туралы еске түсірейік.
Қағидалар қарапайым және әмбебап:
Бейтаныс адамдарға есептік жазбаға кіруге арналған құпиясөзді немесе SMS-пен келген тексеру кодтарын хабарламаңыз.
Әрқашан банктен келген хабарламаларды оқып шығыңыз және ата-анаңызбен бірге банктік қосымшадағы операциялардың тарихын кезең-кезеңімен тексеріп отырыңыз. Осылайша сіз алаяқтық шабуылдарды дер кезінде байқай аласыз.
Ересек адамдардан онлайн төлемдерді жасау үшін пайдаланылатын құрылғыға вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды орнатуды сұраңыз.
Күмәнді сайттарда картамен төлем жасамаңыз. Әдетте, тиісті сертификаты жоқ сайттардыңа браузері сенімсіз деп белгіленіп тұрадыйді. СӘдетте сайтқа кіргеу кезінде браузердің жолында «қорғалмаған» немесе «not secure» деген жазба пайда болады.
Еліктіретін жарнамалық ұсыныстарға сенбеңіз және пошта немесе мессенджерлер арқылы келіп түсетін күмәнді сілтемелерді баспаңыз.
Ұялы телефоныңыз ұрланған болса, бұл туралы ата-анаңызға хабарлаңыз. БСізге банктік қосымшаны (бар болса), сондай-ақ телефон нөміріңізді бұғаттап, электронды пошта мен әлеуметтік желілердің барлық құпиясөздерін жаңасына өзгертуіңіз керек.
Егер сізге банктен немесе мемлекеттік органдардан маңызды ақпарат берілген қоңырау түссе, телефон тұтқасын дереу қою керек. Интернеттегі немесе телефондағы бейтаныс адамдарға сенбеңіз,ды бұл оқиға туралы ересек адамдарға туралыайтып беріңізхабардар етпеңі;
Цифрлық картада сізге жақын болашақта қазіргі немесе алдағы шығыстарға қажет соманы ғана сақтауға болады. Қосымшада сізнегізгі картаңызды пайдаланып онлайн сатып алуға тыйым салуды және виртуалды карта үшін жұмсалатын шығыстарға лимиттерді, мысалы айынан 20 мың теңгеден аспайтындай белгілеуді таңдайй аласыз., дыБірақ мұны тек ересек адамдар өздерінің банктік қосымшасынан жасай алады. Егер қызмет немесе тауар үшін төлем сіздің лимитіңізден асып кетсе, операция жасалмайды.
Фото: Fingramota.kz