Kyzylorda-news.kz Кредиттер бойынша мерзім өтіп кеткен жағдайда не істеу керек? Қаржы мәселелері бойынша консультациялар алу үшін қайда жүгінуге болады? Фишингті қалай анықтауға және «Стоп кредит» сервисінің көмегімен алаяқтықтан қалай қорғануға болады? Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Волковгеология» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ ұлттық компаниясы еншілес ұйымының қызметкерлері, сондай-ақ «Русбурмаш – Қазақстан» БК» ЖШС ұжымы үшін ұйымдастырған қаржылық сауаттылық жөніндегі оқыту дәрістерінің барысында осы және басқа да мәселелер қозғалды. 

ҚНРДА өкілі Ғаділбек Әкім банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті қалай реттеуге болатыны туралы айтып, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық жаңалықтарды хабарлады. Сондай-ақ, Ғ.Әкім жалған брокерлерді қалай анықтауға болатыны туралы ақпаратпен бөлісіп, аталған компаниялардың қызметкерлеріне egov.kz арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды қалай орнатуға болатынын нақты көрсетіп берді.

«Стоп-кредит» – бұл азаматтарды онлайн-алаяқтардың әрекеттерінен, атап айтқанда үшінші тұлғалардың сіздің атыңызға кредиттерді заңсыз рәсімдеуінен қорғаудың оңтайлы құралы. 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қарыз алушының кредиттік тарихында кредиттерден ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған кезде кредит берілген жағдайда, банктер мен МҚҰ-ның кредит бойынша берешекті есептен шығару міндеті бойынша заңнамалық түзетулер қолданысқа енгізілді. Яғни, егер азамат кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілесе, онда осы кезеңде оның атына заңсыз кредит ресімделсе, онда кредитор – банк немесе МҚҰ кредит пен микроқаржы бойынша берешекті есептен шығаруға міндетті болады», - деп атап өтті Ғ. Әкім, ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бүгінгі күннің өзінде Қазақстанның 700 мың азаматының «Стоп-кредит» қызметіне қол қойғанын қоса айтты.

Өз кезегінде, FinGramota.kz жобасының бренд-амбассадоры Ақжүніс Брасилова мен № 1 қаржылық сауаттылық мектебінің басқарушы серіктесі Зарима Атабаева тыңдармандарды онлайн-алаяқтардың заманауи схемалары туралы ақпарат берді, сондай-ақ қаржылық жоспарлау және қаражатты инвестициялау жөнінде пайдалы ұсыныстар айтты. «Қаржылық сауаттылық - қаржылық қауіпсіздіктің кілті және өзіңнің мақсаттарыңа жеке әрі отбасылық мақсаттарға қол жеткізуге деген кепілдік», - деп қорытындылады А. Брасилова.

Білім беру жұмысын Агенттік Fingramota.kz қаржылық сауаттылық жөніндегі жоба шеңберінде халықтың барлық нысаналы топтары үшін тегін негізде жүргізуде. Бұл іс-шара Агенттік пен «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылды.

Фото: fingramota.kz

Тағы да оқыңыз: