Kyzylorda-news.kz Әр адам жеке қаржысын дұрыс пайдалана білуге тиіс. Бірақ біз есептелетін дүниені ғана басқара аламыз, сондықтан барлық кіріс пен шығысты есепке алған маңызды. Мұны қарапайым дәптерге немесе кітапшаға жазуға да болады. Сонымен қатар өзі кесте немесе диаграмма түрінде мәндерді белгілеп беретін арнайы мобильдік қосмышаны пайдалана аласыз. Ол өте қолайлы — мұнда қазіргі қаржы жағдайыңыз қандай екені айқын көрініп тұрады.
Қаржы шығынының негізі ретінде төрт конверт тәсілін пайдалануға болады. Мұндайда әр ай сайын түсетін ақшаның 10–20%-ын кейінге сақтайсыз, ал қалғанының бәрін төрт аптаға бөлесіз. Мысалы, қараша айында ата-анаңыздан 10 мың теңге алдыңыз делік, ендеше оның 1–2 мыңын жинақ қобдишасына жіберу керек, ал қалғанын төрт конвертке 2 мыңнан бөліп саласыз. Бір аптада тек осы ақшаны ғана жұмсау керек. Ал егер одан аз жұмсасаңыз, қалған ақшаны жинақ қобдишасына қосуға болады.
Осының бәрін шығыс пен кірісті есепке алатын мобильдік қосымшада қалай көрсетуге болады? Әрі оның қандай түрлері бар?
Сонымен, Сізге қаржыны жүргізу үшін 7 пайдалы қосымшаны ұсынамыз
✅ Money Lover
Бұл қосымша шығынды қадағалап, бюджетті жасап, кез келген уақытта қанша ақшаңыз қалғанын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Ол қарыздарыңыз бен тұрақты төлемдеріңізді белгілеп, тіпті алдағы төлемді есіңізге салып тұрады. Мысалы, көлік картасын уақтылы толықтыруға немесе ұялы байланыс ақысын төлеуге, үйірмеге, спорт секциясына, репетитордың қызметіне және тағы басқаға дер кезінде төлем жасауға көмектеседі.
✅ Fast Budget
Бұл қосымша жеке немесе отбасылық қаржыны бақылауды жеңілдетеді. Қосымшада әртүрлі құралдар бар, оның ішінде шоттарды басқару. Сондай-ақ, күнтізбе, транзакциялар туралы еске салулар бар, мысалы, оқу ақысы, ақша аудару және т.б. Теңгені қоса алғанда, валюталардың көп таңдауы бар.
✅ Cashew
Бұл қосымша бюджетті өз өмір салтыңызға сәйкес, мысалы айына, аптасына немесе өзге уақыт аралығына жасауға мүмкіндік береді. Дөңгелек және сызықты диаграммалар сандарды көзге тез көрінетін қолайлы әрі көрнекі оқиғаларға айналдырады. Ақшаны осы қосымша арқылы жұмсасаңыз, алдағы шығынды түсіну, жазылымдар мен жиі қайталанатын транзакцияларды қадағалау және барлығын бақылауда ұстау үшін еске салу қызметін қабылдау оңайға түседі.
✅ Expense Manager
Бұл қосымша сіздің шығысыңыз бен кірісіңізді қадағалап, сонымен қатар шоттарды басқарып, төлемдерді ретке келтіруге көмектеседі. Мұнда барлық қаржы операциясын күнтізбе және диаграмма арқылы бақылауға болады. Сонымен қатар онда валюталар, салымдар, кредиттер және шайпұлдардың калькулятор бөлімі бар.
✅ Money Tracker
Өте жеңіл қолданылатын жеке қаржы менеджері. Ол кірістер мен шығыстарды бақылауда ұстап, оларды санаттарға бөлуге және талдауға мүмкіндік береді. Қосымшаның көмегімен қанша ақша барын, қанша жұмсау керек екенін және бір айда қанша табыс тапқаныңызды көре аласыз. Қосымша сонымен қатар кірістер мен шығыстарды демалыс, тамақ, киім және т.б. секілді әртүрлі санаттарға бөлуге мүмкіндік береді. Жаңа шығыстар мен санаттар қосып, жаңа беттер жасап, оларды және тағы басқаларын тарихыңызға қоса аласыз.
✅Moneon
Қосымша жеке және отбасылық бюджетті жүргізуге қолайлы. Ол шығындар шегін көрсетіп тұрады және тым көп ақша жұмсаған жағдайда ескертеді. Оның ай сайынғы қаржы талдауымен бірге жүргізілетін есебін PDF форматта сақтап алуға болады.
✅ Күрделі
Бұл қосымша тұрақты шығындармен қатар жоспарланбаған, кенеттен орын алған шығынды да жазып отыруға көмектеседі. Ол ай сайынғы кірісті негізге алып, бір күндік шығын шегін өзі бекітеді. Егер осы шектен көп немесе аз жұмсасаңыз, қосымша бюджетті сіздің жағдайыңызға қарай икемдеп береді.
Әрине интернетте бюджетті басқаруға қатысты мобильдік қосымшалар толып жатыр. Біз сіздер сәл де болса түсінік қалыптастырып, қаржыны басқару әлеміне алғашқы қадам жасасын деген ниетпен солардың ішіндегі бірнешеуіне ғана тоқталдық. Осы саланы зерделеп, ыңғайлы өнімдерді қарастырып, оларды пайдалана бастасаңыздар, көп ұзамай жоспарсыз шығындардың азайғанын, сәйкесінше «Жинақ» бағанындағы ақшаның көз алдыңызда өсе бастағанын аңғарасыз. Бұл - қаржы сізді емес, сіз оны басқарасыз деген сөз.