Kyzylorda-news.kz Дүкендерде банк карталары арқылы төлем қабылдамай, қолма-қол ақша талап ету заңсыздық. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтарында айтылды.  

Кірістер департаментінің мамандары егер осындай жағдай орын алса, салық органдарына шағымдануға болатынын мәлімдеді. Ол үшін алдымен ескертіледі, екінші рет қайталанса, 157 мың теңге айыппұл салынады.

Биыл елімізде мобильдік аударымдарды бақылау басталды. 3 айда 300-ден астам әртүрлі адамнан шотыңызға ақша түссе, көлеңкелі кәсіппен айналысады деген күдікке ілігесіз. Осыған байланысты кәсіпкерлер таза кірісін жасыру мақсатында жаппай қолма-қол ақша қабылдауға көшуі мүмкін деген қауіп бар. Айта кетейік, электронды ақша айналымдары 86 пайызға жеткен.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 

Тағы да оқыңыз: