Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу курстары осыған дейін өңірде Қызылорда қаласы және Шиелі аудандарында жүргізілсе, оған ағымдағы аптада Жаңақорған ауданы қосылды.
Оқу курстарына банктер мен микроқаржы ұйымдары алдында 90 күнен астам берешегі бар азаматтар оқытылады. Оларға қарызды реттеуге, қаржылық қиындықтан шығуға жан – жақты көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылық негіздерін, үнемдеу мен табысыңызды арттыруды, алаяқтық әдістерін анықтау жолдары тегін үйретіледі. Заңгерлер көмегі көрсетіледі.
Фото: Аманат партиясы