Kyzylorda-news.kz «Қарсызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру курсының кезекті оқу аптасы басталды. Жобаның аймақтық жетекшісі Алтынбек Жарылқасынов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Жоба аясында түрлі сала өкілдері өз қаржылық сауаттылығын арттыруда. Олардың ішінде кәсіпкерлер, мұғалімдер, әлеуметтік сала өкілдері болса, ағымдағы аптада медицина саласының қызметкерлері жобаға қатысуда.
Айта кетейік, қаржылык сауаттылыкты окыту аясында төмендегідей кемектер көрсетілетін болады:
отбасылық бюджетті құру, несиелеу шарттарын түсіну, қаржылық есептеулер жүргізу, қарыздарды қайта құрылымдау, бизнес-жоспар жазу, банкроттык рәсімін қолдану (қажет болған жағдайда).
«AMANAT» партиясының филиалдарына немесе https://qogamfin.kz сайтына тіркелу арқылы оқуға жазылуға болады.