Kyzylorda-news.kz  Бүгінде елімізде банктер мен түрлі қаржы ұйымдары алдында қарызы бар 2 млн шамасында азамат бар. Осы орайда «AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесе «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосып, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етіп келеді.

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева және жобаның облыс бойынша өкілі Балдырған Маменмен бірге Отбасын қолдау орталықтары мамандарымен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы тиімділігін арттыруға бағытталған Битрикс бағдарламасының механизмдерін тағы бір рет талқыға салды.

Атап өту керек, бүгінде жоба аясында тек 90 күннен астам береші бар азаматтарға оқу семинарлары ұйымдастырылып, заңнамалық кеңестер берілуде. Оқу семинарлар онлайн түрде өтіп жатқандықтан "Битрикс" бағдарламасының маңызы ерекше. Бұл ең бірінші кезекте облыс азаматтарымен жеке байланыс орнатылып, тікелей қаржылық кеңестер беруге ыңғайластырлған. Жиын барысында бұл бағдарламаны пилотты түрде қолданып, аз уақыт ішінде нәтижесін көрген Қарағанды облысының мамандары қосылып, жұмыс тәжрибелерімен бөлісті.

Жиын соңында Ләйлә Төрешова жобаны жүзеге асыруға жауапты органдар өкілдеріне жұмысты сапалы үйлестіру бойынша бірқатар міндеттер мен ұсыныстар берді.

Тағы да оқыңыз: