Kyzylorda-news.kz Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,46 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 498,69 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499 теңге. Еуро 521 — 528 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 504 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 522 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,55 - 5,75 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 25 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 502,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,71 теңге. Еуро — 527,03.
Фото: freepik