Kyzylorda-news.kz 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды syrboyi.kz. Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздар бар.

Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі. Мәселен стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтеріледі.

Ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.

Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Себебі, 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы әбден тозған.

Фото: ашық дереккөз

Тағы да оқыңыз: