Тұтыну бағаларының индексі

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес 2026 жылдың маусым айында республика бойынша инфляция 0,8%-ды (аймақ бойынша – 0,4%) құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ға (аймақ бойынша – 0,1%), азық-түлік емес тауарларға – 0,9%-ға (аймақ бойынша – 0,8%) өсті, ал ақылы қызметтерге – 1,1%-ды (аймақ бойынша – 0,2%) құрады. 

Жылдық инфляция 10,3%-ды (аймақ бойынша – 10,4%) құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 10,4%-ға (аймақ бойынша – 10,3%), азық-түлік емес тауарларға – 11,7%-ға (аймақ бойынша – 10,9%) және ақылы қызметтерге – 9,0%-ға (аймақ бойынша – 10,1%) өсті.

Банк секторы 

2026 жылдың 1 шілде деңгейіне Қызылорда облысы аумағында 11 екінші деңгейлі банктердің филиалдары және 1 «Қазпошта» АҚ филиалы, 2 уәкілетті ұйым, 5 микроқаржы ұйымдары, 8 несие серіктестігі, 2 ломбард қызмет атқарды. 
Айырбастау пункттердің жалпы саны – 50, оның 36-і екінші деңгейдегі банк филиалдары, 12 – «Қазпошта» АҚ филиалының және 2 уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері.

Банктегі депозиттер

2026 жылдың 1 шілде деңгейіне облыстағы депозиттердің жалпы мөлшері (ағымдағы шоттарды қоспағанда) 2025 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға өсіп, 463,2 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың салымдары 39,6%-ға азайып, 69,3 млрд. теңгені құрады. Жеке тұлғалардың салымдары 19,3%-ға өсіп, 393,9 млрд. теңгені құрады. 

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 16,0%-ға өсіп, 423,5 млрд. теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2025 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,1%-ға азайып, 39,7 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 91,4%, шетел валютасындағы депозиттер үлесі – 8,6%.

2026 жылдың маусым айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері – 12,6% (2025 ж. маусым айында – 12,0%), ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 0,8% (2025 ж. маусым айында – 1,9%) құрады.

Банк секторының несиелері

2026 жылдың 1 шілде деңгейіне банк секторының жалпы экономиканы несиелеу көлемі (жалпы қарыз) 926,2 млрд. теңгені құрады (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға өскен).  

Жеке тұлғалардың несиелері бойынша қарыз 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7%-ға артып, 851,4 млрд.теңгені құрады, заңды тұлғалардың несиелері 25,7%-ға өсіп, 74,8 млрд. теңгені құрады. 

Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға өсіп, 58,8 млрд. теңгені құрады. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 19,7%-ға артып, 867,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

Банк секторының тұтынушылық мақсатындағы несиелері бойынша қарыз көлемі 11,5%-ға өсіп, 555,1 млрд.теңгені (жалпы қарыздан үлес салмағы – 59,9%-ды) құрады. 

Банк секторының ипотекалық несиелері бойынша қарыз 26,0%-ға өсіп, 109,0 млрд. теңгені (жалпы қарыздан үлес салмағы – 11,8%-ды) құрады.

2026 жылдың қаңтар-маусым айында банк секторының берілген несие көлемі 373,8 млрд. теңгені құрады (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға артылған).

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендіру бойынша қарызы 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға өсіп, 219,0 млрд. теңгені құрады. Жалпы қарыздан үлес салмағы – 23,6%.

2026 жылдың қаңтар-маусым айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер көлемі 95,8 млрд. теңгені құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 15,0%-ға өскен.

Банк секторының несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 1,7 есеге өсіп, 63,0 млрд. теңгені құрады. Жалпы қарыздан несиелер бойынша мерзімі өткен берешектердің үлесі 6,8%- ды құрады.

Тұтынушылық мақсатындағы несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 44,7 млрд. теңгені құрады 1,6 есеге өскен. Мерзімі өткен ипотекалық берешектер 5,0%-ға көбейіп, 0,2 млрд. теңгені құрады. Жалпы мерзімі өткен берешектерден ипотекалық мерзімі өткен берекшектердің үлес салмағы – 0,4%.

2026 жылдың маусым айында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері – 22,0%-ды (2025ж. маусым – 21,0%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша – 26,4%-ды (29,2%), тұтынушылық мақсатында – 21,1%-ды (19,4%), ипотекалық несиеге – 8,9%-ды (8,8%) құрады. 

Нақты шетел валютасының нарығы

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қызылорда облысы бойынша айырбастау пункттері қолма-қол 45,0 млн. АҚШ долларын сатып, 15,2 млн. АҚШ долларын сатып алды. 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АҚШ долларын сату көлемі 7,5%-ға, АҚШ долларын сатып алу көлемі 19,0%-ға төмендеген.

АҚШ долларын сатудың/сатып алудың орташа бағамы 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында АҚШ доллары үшін 490,29/483,22 теңгені құрады (2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 514,60/507,74 теңге).

2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еуроны сату көлемі 24,0%-ға (1,6 млн. еуроға дейін), сатып алу көлемі 14,4%-ға (517,3 мың. еуроға дейін) төмендеді. Еуроны сатудың/сатып алудың орташа бағамы еуро үшін 568,79/564,48 теңгені құрады (2025 жылдың осы кезеңінде – 560,56/551,29  теңге).

Ресей рублін сату бойынша операциялар көлемі 11,9%-ға (104,9 млн. рубльге дейін) төмендеп, сатып алу көлемі 45,4%-ға (437,1 млн. рубльге дейін) өсті. Рубльді сатудың/сатып алудың орташа бағамы 6,50/5,87 теңгені құрады (2025 жылдың осы кезеңінде – 6,16/5,47 теңге).

Қытай юандарын сату көлемі 40,3%-ға (142,8 мың юаньға дейін) өсіп, сатып алу көлемі 15,8%-ға (90,6 мың юаньға дейін) төмендеді. Юань сатудың/сатып алудың орташа бағамы 75,83/68,77 теңгені құрады (2025 жылдың осы кезеңінде – 74,32/66,76 теңге).

Төлем карточкалары 

2026 жылдың 1 шілде деңгейіне Қызылорда облысында айналымдағы  төлем карточкалары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға өсіп, 3 220,8 мың бірлікті құрады.

Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны – 36 769,0 бірлік (-4,2%), банкоматтар – 432,0 бірлік (+2,6%), кәсіпкерлердің саны – 29 455,0 бірлік  (+6,5%). Төлем жүргізу үшін карточкамен қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 33 734,0 бірлікке дейін артты (+7,5%). 

2026 жылдың қаңтар-маусым айы бойынша төлем карточкаларын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 189 312,9 мың транзакциялардың  (2025 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға өскен) көлемі 1 729,8  млрд. теңгені құрады (4,6%-ға өскен). 

2026 жылдың қаңтар-маусым айында Қызылорда облысы бойынша қолма-қол ақша алу операциялары 5,6%–ға азайып, 3 823,7 мың транзакцияның көлемін көрсетті. 3,5%–ға азайып, 338,6 млрд.теңгені құрады.

Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
+7(724) 255 15 22
+7(724) 255 15 23
e-mail: kuz_80@nationalbank.kz

Тағы да оқыңыз: