Kyzylorda-news.kz. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Қызылорда облысында жалғасты.

Мәселен, кәсіпкерлермен және аграрлық сектордың өкілдерімен болған кездесуде РҚШ мүшелері өңірлердегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы 7 жылда республикалық маңызы бар 8 мың шақырым және облыстық, аудандық маңызы бар 14 мың шақырым автожолдың сапалы салынуы мен жөнделуін қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, барлық республикалық және негізгі облыстық автожолдар сапалы ұялы және интернет-байланыспен қамтылады», – деді Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Бағдарламада әлеуметтік инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлінді. Оқуға қолайлы жағдайы бар 1,5 млн оқушы орны енгізіледі. Жыл сайын шағын қала, аудан орталығы мен ауылдағы кемінде мыңнан астам мектеп заман талабына сай жаңартылады.
Сонымен қатар, ауылдық жерде жаңа жабдықпен жарақталған, білікті медицина қызметкерінен жасақталған 700 жаңа медициналық нысан ашылады.

Осы күні Қызылордадағы жылу электрорталығының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында РҚШ мүшелері кандидат ұсынған коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалар туралы айтты.

Ыстық сумен жабдықтау және сутарту желілерінің тозу көрсеткіші кезең-кезеңімен 40%-ға дейін төмендейді. Барлық өңірде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым жаңғыртылады. Сондай-ақ, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында «инвестиция үшінтариф» қағидаты бойынша ТКШ саласына жаңа инвестиция тарту көзделуде.

РҚШ мүшелері айтыскерлермен әңгімелесіп,мәдениет пен өнер саласындағы мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған әділдік, тұрақтылық құндылықтары барша қазақстандықтарды біріктіреді, дейді айтыс ақындары.

Әңгімелесу барысында олар мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ Қазақстанды халықаралық аренада бейбіт, ізгі әрі толерантты мемлекет ретінде ілгерілетуге бағытталған сайлауалды бастамаларды қолдайтындарын атап өтті.

Қызылорда облысындағы барлық кездесуде сайлаушылар 20 қарашада өтетін президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына дауыс беруге дайын екендерін жеткізді.
 

Әзірленді: Республикалық қоғамдық штаб 
Тапсырыс беруші: М. Ж. Оспанов 
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ. К. Тоқаевтың сайлау қорының қаражатынан төленді

21.jpeg

Тағы да оқыңыз: