Агенттік туралы

«Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігі ақпарат айдынына ең алғашқы рет 2011 жылдың 5 мамырында Қызылорда облыстық интернет газеті ретінде жарыққа шыққан. Бүгінде интернет газетінен ауқымды ақпарат агенттігіне арналған портал аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-спорттық, тарихи-танымдық салаларында болып жатқан сүбелі жетістіктерін екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) ақпараттандырып, өз оқырмандарын шынайы жаңалықтармен қамтамасыз етіп келеді. Ақпарат агенттігінің сайтында ешкімде қайталанбайтын өз өнімдері мен фоторепортаждар беру жүйелі түрде жолға қойылған. Қазіргі таңда агенттік заман талабына сай дамып, бәскелестік ортада өз орнын тапқан. Өзінің стилі мен ақпарат берудегі қайталанбас ерекшеліктері қалыптасқан агенттік аз ғана уақыттың ішінде еліміздегі алдыңғы қатардағы бұқаралық ақпарат құралдарының біріне айналды. Сондықтан да болар, порталдың аудиториясы кеңейіп, оқырмандары күн өткен сайын көбейіп келеді.

 «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігіне ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы №14458-ИА куәлігі 11 шілде 2014 жылы берілген. Алғашқы есепке қою кезіндегі нөмірі мен мерзімі – №11930-Ж, 15.08.2011 жыл. 

«Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің ең алғашқы редакторы – Елібай Жікібаев порталға 2011-2016 жылдары жетекшілік еткен. Елібай Зұлхарнайұлынан кейін агенттікті Мұрат Жетпісбаев (2016-2018 жж), Дәуіржан Елубаев (2018 жылдың қаңтарынан қазан айына дейін), Дәурен Омаров (2018-2019 жж), Нұрсұлтан Мықтыбай (2019-2021 жж) басқарған. Дәурен Омаров (2021-2023 жж). Мөлдір Қалымбет (2024 ж. қаңтар-ақпан). Азиз Батырбеков (2024 ж. наурыздан бастап)