Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Шиелі ауданында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде
Бүгін, 13 тамыз күні Шиелі ауданында екі автокөлік соқтығысып, орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілген.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керек», - дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Рахымжан Сұлтанқұлов.
Фото: web.telegram.org/a/#-1001485667915