Фото автордыкі
Толығырақ видеода: https://www.instagram.com/reel/C2KA10LNTyq/?igsh=MWFrOHdsZXY0YjUxcw==
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының сол жағалауындағы көпірдің қақ ортасы 10-15 сантимерге ашылған.
Көпірдің екі жерінде 10-15 сантиметрге жуық жарықшақ бар. Бұл тосқауылдан жүргізушілер күнделікті өтеді. Себебі сол жағалауға тікелей шығатын көпірдің қызылордалықтар үшін маңызы зор.
Зерттеп қарасақ, дәл осындай жағдаймен алматылықтар да бетбе бет келген.
Бұл орайда Алматыдағы әкімдік «визуалды тексеру кезінде ауа райының әсерінен саңылау ұлғайғаны анықталды. Алайда бұл көпірді қолдануға кедергі келтірмейтін, қалыпты жағдай саналады. Қыс мезгілінде бетон конструкциялары сығылғандықтан, саңылау кеңейеді, ал жазда керісінше» деп жауап берген.
Сондай-ақ, қауіпсіздік үшін жылдамдықты 40 шақырым/сағ ұстануға кеңес берген. Өңірдегі жағдай да осылай өрбуі мүмкін.
Дегенмен, жауапты мекеменің жауабы артық етпейді... Оны алдағы уақытта агенттіктің «Тыңдаушы мемлекет» рубрикасында жариялайтын боламыз.
Азамат АБИМОЛДА