Фото автордыкі

Видео сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C2PdfASNSWy/?igsh=MWlpZDRncG5odnJ5cA%3D%3D

Kyzylorda-news.kz.  Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеген Жүнісовке Қызылорда қаласының экс әкімі көлік сыйлаймын деп «уәде еткен», – деп хабарлайды «Kyzylorda news» ақпарат агенттігі.

Отан үшін от кешкен ардагер қазір 100 жаста. Майдангер 19 жасында соғысқа аттанып, Берлин шайқасына дейін барып, Жеңіс туын желбіреткен. Ол  жаяу әскер сапында пулеметші болған.

Ақсақалдың айтуынша, қала әкімі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері Жеңіс күнімен құттықтауға келгенде экс әкім «100 жасқа толсаңыз, темір көліктің кілтін ұстатамын» деп уәде берген.

«Уәде – Құдайдың сөзі» дейміз ғой.. Оны өзім тізгіндемесем де, балаларым қызығын көрсе деймін. Көлік берсе, баратын жеріме мен де емін-еркін жетер едім», – деп отыр майдангер.

Ғасырлық белесті бағындырған Төлеген Жүнісов адалдықты алға қояды және  мерейлі күнде марапат-құрметсіз қалмағанын жасырмайды.

Дегенмен уәденің орындалуын қатты күткен екен. Жаңа әкімнің қабылдауына кірсем деген де үміті бар.

Бұл ретте біз қала әкімдігіндегі мамандармен байланысқа шықтық. Мәліметке қарағанда әкімдік тарапынан майдангерге мұндай уәде берілмеген және ардагерлерді ардақтауда ала-құлалыққа жол беріліп жатқан жоқ.

Дерек бойынша Қызылорда облысында көзі тірі үш соғыс ардагері бар.

Азамат Абимолда

 

Тағы да оқыңыз: