Kyzylorda-news.kz. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қазақ әдебиетін дамыту және насихаттау мақсатында 2021 жылдың 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жыл кітабын бірге оқимыз!» атты облыстық онлайн-байқау ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – кітапханашылардың имиджін көтеру және олардың кәсіби шеберліктерін шыңдау.

Байқауға 2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жаппай оқуға таңдалған шығармалар қатарынан жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі» романын талқылау ұсынылды.

Оған аудандық, қалалық және ауылдық кітапханасынан барлығы 55 қызметкер қатысып, өздері дайындаған бейнероликтерін ұсынды. Кітапханашылар кітаптың мазмұнын жан-жақты ашып, шығарма желісін оқырманға қызықты етіп жеткізе білді.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтті. I дәрежелі дипломмен Арал ауданы, Қосжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Өмірзақова Әсия Шынболатқызы, II дәрежелі дипломмен Шиелі ауданы, Көкшоқы кітапханасының кітапханашысы Әділсерікқызы Айдана, III дәрежелі дипломмен Арал аудандық орталық кітапханасының әдіскері Нысанжанова Таңшолпан Оңталапқызы, Қазалы қалалық кітапханасының кітапханашысы Сейталиева Жанар Темірбайқызы иеленді. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы төрайымының Алғыс хатымен Арал аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Алдабергенова Шынар Жаңабергенқызы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Амиралиева Ақмарал Сағатқызы, Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Әсем Сағатқызы марапатталды.

Сондай-ақ Қызылорда облыстық мәслихатының Алғыс хатымен Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлмекен Меңдібаева , Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жанар Алишева, Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлстан Нұржакиева марапатталды.

Шараға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы демеушілік көрсетті.

Тағы да оқыңыз: