Kyzylorda-news.kz  Нартай Бекежанов атындағы драма театрында Open Hearts Kzo» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атамекен балалар ауылының тәрбиеленушілерінің «7 Муза: жұлдыздар жарқырайды» benefit атты концерті өтті. 

  Концерке ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Майра Ілиясова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жеңіс Ысқақова, эстраданың жас жұлдызы, әнші-композитор Еркеш Хасен тәрбиеленушілерімізбен дуэт болып ән шырқады. Ал жыршы, Құрмет Орденінің иегері Бимбетова Шолпан дәстүрлі өнерге бейім өрендерімізбен бірге жыр-терме орындады.

Сондай-ақ ақын Назгүл Бердіқожа мен Ақжол Түменбай балалармен  бірге поэзиялық кіші қойылым ұсынса, домбыраға әуес дарындарынды балалар  танымал күйші Алдияр Шағдатовпен күй ойнады.

Сонымен қатар өнерлі балалар «Атамекен» би тобының ұжымы мен есімі елге мәлім «Томирис» би ансамблі би қойылымын көрсетсе, классикалық өнерге икемі бар жас әншілеріміз әнші-педагог, Халықаралық классикалық орындаушылар конкурстарының жеңімпазы Сымбат Тасбергеновамен қосылып ән шырқады. Одан бөлек, мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұловамен дуэт болып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Концертті жерлесіміз, талантты журналист, «Қазақстан» ТРК беделді жүргізушісі Гүлмира Нәлібай жүргізді.

Одан бөлек балалар өздерінің жасаған қолөнер бұйымдары мен аспаздық өнімдерінің жәрмеңкесі мен «Art studio», «Жас сәулетшілер», «Робототехника», «Needle work», «Hand made» 

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бектұр Асанханұлы «7 муза. Жұлдыздар жарқырайды» Benefit концертін өткізуге үлес қосқан кеш қонақтары мен ұйымдастырушыларға үйірме жұмыстарының көрмесімен таныстырды.облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, бірге өнер көрсеткен балалар өз қолдарымен дайындаған «Біздің Муза» статуэткасын табыстады.

 

Тағы да оқыңыз: