Kyzylorda-news.kz Жақында Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының» «Жетікөл ауылдық клубының ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим Исаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Елге сапар» атты аудандық ән байқауы өткізілді. Аталған байқауға аудан бойынша бірнеше өнерпаз қатысты.
Аудандық байқауға қазылар алқасының төрайымы Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының мәдени қызметкері әнші, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Бекенова Алтын Иманбайқызы, қазылар алқасының мүшесі Мәдениет майталманы мәдениет саласының ардагері,Оразов Жұмағазы Қайыпұлы, Утебаев Ердаулет Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы байқауға қазылық етті. Байқау қортындысы бойынша бас жүлдені Қоғалыкөл ауылынан қатысқан Қайрат Сәтбаев иеленсе, І орынды Жетікөл ауылынан келген Дана Райқанқызы, ІІ орынды Бесарық ауылынан қатысқан Мөлдір Жүнісбаева, ІІІ орынмен Асқар ауылынан қатысқан Аяулым Бекболатова иемденді. Барлық қатысушы талапкерлер арнайы алғыс хатпен бағалы сыйлықпен марапатталды.
– Жерлесіміз халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим Исаевтың сөзіне жазылған әндердің байқауы жоғары деңгейді өткізілді. Аудан көлемінде бақ сынаған әншілеріміз ерекше өнерімен танылды. Қашанда жерлесіздің өнерін дәріптеуға барымыз саламыз, – деді клуб директоры.
