Kyzylorda-news.kz  2025 жылғы 11–14 маусым аралығында Алматы қаласында өткен Халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауында жерлесіміз айрықша табысқа қол жеткізді.

Аталмыш өнер додасына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Польша, Армения сынды мемлекеттерден келген дарынды өнерпаздар қатысып, өзара үздік атану үшін сынға түсті.

Солардың арасында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің «Рүстембек жырау» үйірмесінің шәкірті – Талант Балтабай жыр-терме жанры бойынша өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде ол байқаудың ең жоғары марапаты – Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Бұл жеңіс – халқымыздың төл өнеріне деген құрметтің, жас буын арасындағы жалғастықтың жарқын көрінісі. Жас жырауды және оны тәрбиелеген ұстаздарын шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!

Фото: Қармақшы ауданы

Тағы да оқыңыз: