Kyzylorda-news.kz   Театр – қиын сала. Олай дейтін себебіміз, әртіс сахнада, көрерменнің көз алдында ойнауы тиіс. Көрерменге түрлі эмоцияны тікелей сезіндіре алуы керекТеатр – өнерпаздарды бір шаңырақ астына біріктіріп, бір отбасындай жақындастыратын шаңырақ. «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» дейді Ғабит Мүсірепов. Сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны бір төбе. Сахнада өмір көріністерін драмалық әрекеттер арқылы көз алдыңа келтіретін театр өнері – қоғамдық ой-сананың шарықтау шегі мен адами дүниетанымның жемісі.

Бұрнағы күні Халықаралық театр күніне орай Сырдария аудандық мәдениет үйінде «Өмірдің өзі – театр» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға мәдениет және спорт бөлімінің инспектор меңгерушісі Ж.Төрәлиев, театр майталмандары мен аудан өнерпаздары қатысты.

– Театр – барлық өнердің жиын­тығы, бір ғана қойылымда ән де, күй де, дәстүр де, ұлттық ұранды ұлықтату да тоғысады. Киелі өнердің алғашқы бастауы – грек елінен басталса, өнердің өрнегі қазақ елінде ең алғаш рет біз тұрған киелі сахнадан басталғанына уақыттың өзі куәгер. Театр – тәрбие бесігі. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп баға беруі де тегін болмаса керек. Мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елестету әсте мүмкін емес, – деген Жеңісбек Үсенұлы театр өнеріне қосқан үлестері үшін бірқатар өнерпазды марапаттады.

Атап айтар болсақ, Сырдария аудандық мәдениет үйі жанындағы «Олжа» Халық театры облыстық кәсіподақ төрайымы­ның «Алғыс хатына» ие болды. Сонымен қатар, театр саласында өзіндік орны қалыптасқан мәдениет саласының ардагері, белгілі режиссер Рахия Әбду­каримова, аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрхан Көшербаев, мәдениет үйінің әдіскері, театр мүшесі Гаухар Сәрсенбаева, мәдениет үйі басшысының орынбасары Азиз Садықов, Айдарлы халық театры­ның мүшесі Орынбай Оспанов, аудандық мәдениет үйі жанын­дағы халық театрының режиссері Дәулет Асанов, халық театрының суретшісі Жәнібек Әбдіреев аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, мерейі артты. Сонымен қатар, мәдениет саласының өркен жаюына өзіндік үлесін қосып жүрген өнерпаздар Алмат Өтеуов, Абзал Молдашев, Мақсұт Әбсадықов, Ербол Медет, Дастан Палмахов, Динара Жәкешова, Мөлдір Серікбай, Толғанай Қашақова, Ақбота Талғатова, Бақытжан Әлтаев, Сұңғат Раушанбеков, Бақытжан Беккулиев, Ержан Жүнісов, Нұрила Кенесары, Ерхан Қалуадинов, Ербол Бекжүнісов аудан әкімі орынбасарының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Тағы да оқыңыз: