Kyzylorda-news.kz Бүгінде Сырдария аудандық «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының өнерлі жас өрендері жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында көптеген шығармашылық байқауға қатысуда.

Мәселен, «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығына қарасты Іңкәрдария ауылындағы «Көркем оқу» үйірмесінің мүшесі Ақбота Ермаханова республикалық байқауда өз өнерін көрсетіп, ерекше өнерімен дараланып, қаншама үздіктердің арасынан топ жарып шыққан болатын.

 Нақтырақ айтқанда, жас өнерпаз Ақбота Ермаханова Шымкент қаласында өткен «Жауқазын» республикалық байқауында «Көркем сөз оқу» байқауында І орын иеленіп, аудан мерейін үстем етті. Осылайша, біздің мақтанышымызға айналған жас өреніміз Ақбота Түркия мемлекетінде ұйымдастыралатын халықаралық байқауға жолдама ұтып алды. Талай таланттар қатысқан байқауда  өнерлі оқушы қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Мен сені сағынғанда» шығармасын орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бұл жетістік - шәкіртін талай түрлі байқауларға дайындап, тәлімді тәрбие беріп, шығармашылығын шыңдап жүрген жетекшісі – Айкерім Жұмабекованың еңбегінің жемісі. Алдағы уақытта халықаралық байқауда бақ сынайтын жас өнерпазымызға сәттілік тілейміз.  

Тағы да оқыңыз: