Жаңақорғандық 123 оқушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан жарысуда – Kyzylorda News
Басты бет

Жаңақорғандық 123 оқушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан жарысуда

26.10.2021, 10:40

278 0

Kyzylorda-news.kz.  «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Жаңақорған аудандық кезеңі басталды.

«Ордакент» ардагерлер, жастар ресурстық орталығында өтіп жатқан байқауда Жаңақорған ауданы мектептері бойынша 120-дан астам оқушы бақ сынауда.

Іс-шарада сөз сөйлеген Жаңақорған ауданы әкімінің кеңесшісі Қаныбек Әбдуов байқаудың маңыздылығына тоқталып, талапкерлерге сәттілік тіледі.

Байқауға Жаңақорған аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясы фракция жетекшісі Әсемкүл Тілеубергенова, «Qazaq Epos» қоғамдық қорының өкілі Нұрсұлтан Қаражан, Жаңақорған аудадық білім бөлімі тәрбие ісі жөніндегі бас инспекторы Мира Жандарбекова, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов, Жаңақорған ауданы әкімінің кеңесшісі Қаныбек Әбдуов, айтыскер ақын Әбілқайыр Сыздықов және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі директоры Жомарт Шауенов қазылық етуде.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қоры бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялаған болатын.

Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Байқауға облыс бойынша 662 мұғалім дайындаған 713 оқушы қатысуда.

0

Пікір қалдыру