Kyzylorda-news.kz М.Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция - бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тəуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын маңызды құжат.
Конституцияның негізгі тірегі -  халық бірлігі, қоғамдық жəне рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.  

Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституция экономикалық өрлеу мен азаматтардың əл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп келеді, – деді аудан әкімі Мажит Самитов.

Мұнан соң ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін марапаттады.

Конституция күні Жаңақорған.jpg

Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдап, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Мерекелік іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Рухты көтеретін патриоттық әндер шырқалып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл - күй сыйлады.

Конституция күні Жаңақорған 2.jpg

Тағы да оқыңыз: