Kyzylorda-news.kz Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылында Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік еңбек ері Исатай Әбдікәрімұлының құрметіне арналған ұлттық көкпар сайысы өтті.
Көкпар сайысының ашылу рәсімінде аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Саналы ғұмырында Сыр бойының ғана емес, тұтас қазақ елінің өрлеуіне белсене атсалысып, барлық ақыл-ойын, бай тәжірибесін аянбай жұмсап, парасаттылығымен халықтың жүрегінде жатталған Социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімов екенін біз әркез мақтанышпен айтамыз. Көкпар - қазақтың қанына сіңген қасиетті әрі дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Көкпар ойынын ат үстінде мығым отыра білетін, жүректілер мен білектілер қыздырады. Көкпар - тақымы мықты жігіттің жігіті тартар, жылқының есті тұлпары сынға түсер ғажап сайыс! Көкпар, дәстүрлі ұлттық ойыны. Жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдылығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт түрі. Бүгін біз Исатай Әбдікәрімовтің 100-жылдық мерейтойын туған елінде атап өту арқылы, игілікті істерін бүгінгі ұрпаққа жеткізуді өзіміздің елдік парызымыз деп санаймыз.!-деді мәслихат төрағасы.
Сайысқа Астана қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстарынан келген 700-ге жуық көкпаршылар қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде Астана қаласынан келген көкпаршы, Түгіскен ауылының тумасы Наурызқожа Әмзеев атбегі Әнуарқажының атыменен "Lada granta" автокөлігінің жеңімпазы атанды.
Жайылмалық Бағдат кәсіпкердің атыменен түркістандық көкпаршы Бағлан Жәрменовке бір өгіз бастаған тоғыз сыйға берілді.
Ең көп салымға қол жеткізген көкпаршы Талап елдімекенінен келген Нұрлыбек Асқаров. Қожакент елдімекенінен Маралбек Әмзеев бір салым салған болатын. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ойындардың маңызы зор. Баланың буыны қатып, алты жасқа жетіп, ақылы кірген сәттен-ақ ойын баласына асық жинауды үйретіп, астан қалған асық сүйегін лақтырмай, қалтаға жинаудың өзінде әкенің үлкен тәрбиесі жатыр. «Асық атудан» бастау алатын қазақы ойындардың қатары өз уақытына сай «Көкпар», «Теңге ілу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақсерек – Көксерек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» сияқты болып жалғасып кете береді.
Әлемдегі ең қаны таза, ақыл-парасатымен кемеңгер, дана саналған қазақ халқының өмір салтында бала тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі басты назарда болғаны бесенеден белгілі. Десе де, сол тәрбиенің өзін жан-жақты бағытқа салып, философиялық тұрғыда тұжырымдап, қарапайым ойын арқылы баланы тәрбиелей білген халықтың өзіне тән ойындарының қайсысын алып қарасақ та тәлім мен тәрбиеге, тағылым мен таңданысқа толы. Асық ату арқылы мергендік пен шапшаңдыққа баулыса, ат үстіндегі ойындар арқылы мықтылық пен жігерлілікке баулыған. Жануарды жүгендеп, өз мақсатына жетуді көздейтін шабандоздық пен ептілікке баулыған.
Қожакенттегі көкпар сайысын елдіме¬кендерде бұқаралық спортты дамыта отырып, жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Асыл өнерді тамашалауға 5 мың халық жиналып, 150-ге тарта шабандоздар қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға арналған жүлдеге жеті жарым миллион теңге, екі автокөлік, бір үйір жылқы, 8 өгіз тігіліп ерекше тартысты өтті. Осы бір қазақтың ұлттық өнерін асқақтатып, елден бата алу мақсатында көкпар ойынын ұйымдастыруға қолдау білдірген туған жердің мақтанышы белгілі әнші Серік Ибрагимов екенін атап өткен жөн болар. Киелі сахна төрінде жүргеніне 10 жыл толуына орай ол өзінің туған ауылы – Аққорғанда ұлттық спорттан жарыс өткізіп, өзімен бірге, танымал өнер иелерін туған ауылына ертіп келді.
– Көкпар – қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың ортаны қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан шабандозды көргенде жүрегі туламайтын қазақ бар ма?! Өзім бала күнімнен аттың құлағында ойнап, көкпарға жақын болып өсттім. Сол бала күнге қызығушылығым, көкпарға құмарлығым түрткі болып, осынау игі шараны өткізуді құп көрдім. Басы қайырусыз, аяғы жиюсыз жатқан қазақ елінің қанын қыздырып, жүрегіне от беріп, делебесін қоздырған ойын – көкпар заманына сай жаңғырып, жасарып қазақпен бірге жасап келеді. Осындай ұлттық өнерді ұлықтап, елге дастархан жайып ас беру азаматтық парызым деп есептеймін, – дейді ұйымдастырушы Серік Ибрагимов.
Әлемдік деңгейде мойындалған қа¬зақтың көкпар ойынына жиналған елдің қарасы да қалың болды. Көнекөз қариялар ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, жастар арасында достық пен бірлікті нығайту мақсатында көкпар ойынының шығу және даму тарихы жайында жастарға ғибратты әңгімелерін айтты. Одан бөлек, елімізге белгілі өнер жұлдыздары Мейрамбек Беспаев, Нұржан Төлендиев, Әбдіжаппар Әлқожа, Заттыбек Көпбосынұлы, Ғазизхан Шекербеков, «Миллион» командасы, және өзге де өнер жұлдыздары келіп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Дүбірлі дода тартысты, қызықты өтті. Жарыс болған соң, біреу ұтса, біреу ұтылады. Ол ақиқат. Сонымен, ақтық мәреде Шымкент қаласынан келген шабандоздар алға шықты. Көкпар соңында салым салған шабандоздармен қатар ойын барысында ептілігімен көзге түсіп, көпшіліктің ықыласына бөленген құрыш білекті жігіттер, бабы мен бағы қатар шапқан сәйгүлік аттар да ұйымдастырушылар тағайындаған арнайы номинацияларға ие болды.
