Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимов кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарын жеке қабылдады.
Қабылдауда тұрғындар баспана, жұмыспен қамту, спорттық және білім беру нысандарында үйірме шараларын көбейту секілді ұсыныс-пікірлерін мен өтініштерін жеткізді. Тұрғындардың сауалдары назарға алынып, заң аясында шешілу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.