Kyzylorda-news.kz   «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалының «Сәулет» бастауыш партия ұйымында «Ұлттық мұра» партиялық жоба аясында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ рухының-қазыналы ордасы» тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Жыр додасына Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарымен Қызылорда қаласындағы Абылайхан атындағы № 140 қазақ орта мектебінің, Ж. Махамбетов атындағы № 43 орта мектебінің, Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей–интернатының оқушылары қатысты.

Олар «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», «Қазақ рухының -қазыналы ордасы», «Жаныма жақын жырларым» атты үш кезең бойынша өз жүрегінен шыққан өлеңдерін жатқа оқыды.

Мүшәйраға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғазиза Әбілдаева, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі, жырау Марат Сүгірбай қазылық етті.

Жыр бәйгесінің қорытындысы бойынша бас жүлдені Қазалы ауданы №70 мектептің 9 «А» сынып оқушысы Жанель Жеткерген, І орынды Жалағаш ауданы, З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектептің 5 «А» сынып оқушысы Салтанат Қожабек, ІІ орынды Қармақшы ауданы №111 мектептің 7 сынып оқушысы Мади Елдес, Қызылорда қаласы, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 5 «В» сынып оқушысы Аяна Оспан, ІІІ орынды Шиелі ауданы, Ғ.Мұхамеджанов атындағы №270 қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы, «Нартай өнер үйі» КМҚК мектебінің «Ақындар» үйірмесінің мүшесі Шыңғыс Қарынбай, Айсар Айдарбеков, Мағжан Амангелдиев иеленді.

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жас ақындардың өнері мен талабына, жыр мүшәйрасындағы белсенділігіне алғысын білдірді.

«Ұлттық мұра» партиялық жоба аясында жас ақындар мүшәйрасы өтті 3.jpg«Ұлттық мұра» партиялық жоба аясында жас ақындар мүшәйрасы өтті 1.jpg«Ұлттық мұра» партиялық жоба аясында жас ақындар мүшәйрасы өтті 2.jpg

Тағы да оқыңыз: