Kyzylorda-news.kz Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Жалағаш ауданындағы «Руханият» орталығында «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты Ұлттық киімдер сән үлгісі көрсетілді.
Шарада ұлттық киімдер мен сәнді бұйымдар көпшілік назарына ұсынылып, үздік атанған арулар марапатталды.
Әз-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада жас буын ұлттық нақыштағы киімдерді мақтанышпен киіп, өз шығармашылық қабілеттерін паш етті. Бұл күні жастар ұлттық киімдермен сәнделіп, олардың әрқайсысы халықтық дәстүрлерді ұлықтап, ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын насихаттады. Сән үлгілері ұлттық киімдердің терең тарихы мен мәнін түсіндіруге арналды.