Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы әкімдігінің қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Үздік бейнеролик" байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Байқауға қала тұрғындары қатысты.
Байқаудың мақсаты қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттыру арқылы жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Байқау Қызылорда қаласының аумағында ашық түрде өткізілді. Байқауға сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және адалдық принциптерін нығайтуға ықпал ететін мәдениеттерді белгілейтін алты бейнеролик қабылданып, комиссия шешімімен үш бейнеролик жүлделі орындарды иеленді. І орынды Іскендір Нұрислам Жандосұлы, ІІ орын Тұрсынбай Нұрымжан Үсенбайұлы, ІІІ орын Төребай Тұрсынбай Төлеуұлы иеленді.