Kyzylorda-news.kz.  Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Түркі әлемінің Темірбегі» атты облыстық жас ақындар айтысы өткізілді.

Дүбірлі додаға аймағымыздан 12 айтыскер ақын қатысып, бақтарын сынады.

Айтысты аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айтысты ақын, «Құрмет» орденінің иегері, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» Байдаулетов Мамыр Байментайұлын жүргізді.

Аузымен құс тістеген кіл жүйріктер тау тұлға Темірбек Жүргеновтің білім мен әдебиет, мәдениет пен өнер саласындағы ұйымдастырушылық қабілетін, қаламгерлік қажырын, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің тарих таразысындағы жеткен жетістіктерін айтып, бірінен бірі озды.

Айтыстың қазылары ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы», «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қазына Өзденбаева, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының және Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» Нұрмат Мансұров ақындардың өнерін сарапқа салды.

Қазылар алқасының шешімімен:

Жүлделі ІІІ орынды Сырдария ауданынан Мұхамеджан Мансұров, Қызылорда қаласынан Ерасыл Байментаев, Шиелі ауданы Бекжан Ержігіт иеленсе, жүлделі ІІ орынды Арал ауданынан Бексұлтан Орынбасаров қанжығасына байлады. Ақындардан оза шапқан Қармақшылық Тұрар Бекмұрзаевқа жүлделі І орын бұйырып, айтыстың бас жүлдесін Қармақшы ауданынан Сырым Әділбеков иеленді.

Сондай-ақ, айтыстың барлық қатысушылары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сөз соңында Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы С. Аңсат Алаштың арда азаматы Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралардың ұрпақ үшін маңызды екенін жеткізіп, айтысты ұйымдастыруға атсалысқан Жалағаш ауданының әкімдігіне өз алғысын білдірді.

332786255_619288540025423_5372780451762614091_n.jpg

 

332879910_489969099820583_9132559799659255072_n.jpg

 

332759314_2362904343885271_6221330166628688832_n.jpg

 

332745400_3537157529943315_3656897495580530395_n.jpg

Тағы да оқыңыз: