Kyzylorda-news.kz Роза Бағланова атындағы Қазалы аудандық мәдениет орталығында ІІІ «Туған өңір – тұнған өнер» атты аудандық көркемөнерпаздар фестивалінің ашылуы салтанаты өтті.
Фестивальді Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғани Хайруллаұлы ашып өнерпаздарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ауыл ішіндегі таланттарды анықтау мен өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдарды қолдауда мұндай шаралардың аса қажет екендігін жеткізді.
Фестивальде ән де, би де, театрландырылған көрініс те, вокалдық инструментальды ансамбль, әжелердің әсем әуендері өнер сүйер қауымға рухани демалыс сыйлады.
Шара барысында аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастырумен «Мәдениет – мәңгі, өнер - өміршең» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі