Kyzylorda-news.kz М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасының «Сұхбат ТІМЕ» бағыты бойынша «Терме – тәрбие бұлағы» атты термеші Мейірімжан Махамбетжановпен сыр-сұхбат кеші өтті.

Шараға дәстүрлі өнерді насихаттап, шәкірт тәрбиелеп жүрген Ақсуат ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған жыр-терме үйірмесінің жетекшісі Мейірімжан Махамбетжанов пен шәкірттері Аленов Жандос және Мұратбек Айзере қатысып, Ешнияз сал, Базар жырау, Жиенбай, Жаңаберген, Нұртуған, Нартай ақын секілді Сыр сүлейлерінің бүгінгі ізбасар ұрпақтарының халықтың рухани кеңістігінде қалтқысыз қызмет етіп жүргендігін тілге тиек етті.

Кеш барысында Мейірімжан Махамбетжанов Нұртуған Кенжеғұлұлының «Қанекей, тілім, сөйлеші» термесін орындаса, шәкірттері Аленов Жандос Байназар Өтеуовтың «Ерке көгін», Мұратбек Айзере Жаңабергеннің «Жыр бастауын» орындап кездесуге келген көрермендердің көңілінен шықты.

Тағы да оқыңыз: