Kyzylorda-news.kz    ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік Кеңсесінің халықаралық сарапшысы А.Тентиева, «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» номинациясын іске асыру жөніндегі хатшылықтың мүшелері: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Ж.Сейдалиева, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласы филиалының директоры Ә.Тәжекеев, «Қазқайтажаңарту» РМК Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының директоры Б.Байсалбаев, номинациялық досьені дайындау жөніндегі жобаның жетекшісі Л.Бейсембаева және сәулетшілер, құжаттау жөніндегі мамандар Қызылорда облысына арнайы іс сапармен келді.

Делегацияның облысқа келудегі басты мақсаты - «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» номинациясы бойынша Орта Азия елдерінің тарихи-мәдени мұра объектілерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу. 

Іс сапар барысында басқарма басшысы М.Қазбекова мониторингтік топпен кездесіп, Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени мұра обьектілерін сақтау мен өзекті мәселелерге тоқталды. 

– Әрбір қазақ ата-бабасын құрметтейді, рухына тағзым етеді. Сондықтан шежіре біздің мәдени кодымыздың ажырамас бөлігіне айналған. Бірақ біз тек қана осы түсінікпен шектеліп қалмауымыз қажет. Ең бастысы, бұл мәселені ешқашан саясатпен араластыруға болмайды.

Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды. Ономастика саласында белгілі тарихи тұлғалармен қатар, жалпыұлттық құндылықтар да назардан тыс қалмауға тиіс. Тәуелсіздік, Республика, Бірлік сияқты мемлекеттілігіміздің басты тұғыры саналатын негізгі ұғымдарға баса мән беру керек. Елдігімізді сақтаймыз, мықты мемлекет боламыз десек, осының бәрін естен шығармаған абзал, – дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сапар аясында делегация ұжымы ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізуге ұсынылатын Сыр өңіріндегі ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтары мен Жетіасар оазисі ескерткіштерімен танысты. Сонымен қатар Қорқыт ата ескерткіш кешенімен танысып, Жетіасар ескерткіштері шоғырланған Тұрмағамбет ауылы мен жергілікті жыраулық мектептің өкілдерінің концертін тамашалады.

Айта кеткен жөн, облыс көлемінде 567 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 31-і республикалық, 256-сы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 280 ескерткіш алдын ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізімінде тұр.

Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен бірқатар жоба жүзеге асырылады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес 2024 жылы республикалық бюджет есебінен Қызылорда облысында бірқатар ескерткішке реставрациялық жұмыстарды жүргізу жоспарланыпты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды.

Сыр өңірінде де аталмыш бастаманы қолдау мақсатында «Таза Қазақстан – таза аймақ» атауымен игі бастама жалғасын тапты. Аймақ басшысы облыс халқына арнайы үндеу жолдап, экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырды. Экологиялық акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарға арналған болатын. Тиісінше, өңірдегі әрбір тарихи-мәдени нысандардың аумағы тазартылуда.


Қорлан САРЫ

Фото:balthazar.club

Тағы да оқыңыз: