Kyzylorda-news.kz  Қоғалыкөл ауылдық округі әкімшілігінде ұзақ жылдар адал еңбек етіп, мемлекеттік кірістер саласының дамуына үлес қосқан жетекші маман, салықшы Оразкүл Байкенжеева зейнет демалысынашықты. Қашанда ел экономикасының дамуына,  салық салысын жетілдіруге бар күш-жігерін арнаған сала маманы нәтижелі еңбегімен көпшілік ықыласына бөленген. Үнемі жайдарлы мінезінен таймайтын аяулы жанға әріптестері мерей тойы аясында зор құрмет көрсетті.  

Өз кезегінде Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі Бақытжан Жұмабекұлы сала мамамынын құттықтап, алғыс хатын табыстап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар облыстық салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы және арнайы сыйлығы  салтанатты түрде берілді.

– Біз бүгін ұзақ жылдар бойы Оразкүл Байкенжеева салық саласында аянбай еңбек ете білді. Тынымсыз еңбектің арқасында нәтижелі жұмысымен даралана білген ардақты мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз! Салық төлеушілермен тығыз байланыс орнатып, ел қазынасын молайтуға зор үлес қосқанын жақсы білеміз. Ыждағаттылық пен тиянақтылықты жаны сүйетін Оразкүл апамыз бар мақтауға лайық. Күрделі қызметттің, есеп-қисаптың сырын білген анамызға ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді ауыл әкімі.  

 

Тағы да оқыңыз: