Kyzylorda-news.kz. «Туған жер тұғырың» екені даусыз. Тарихы тереңде жатқан Тереңөзек топырағынан түлеп ұшқан ел ағалары кез келген игілікті істің басы-қасынан табылатыны сөзсіз. Жақында бір топ зиялы қауымөкілі кенттегі «Майжарма» каналын абаттандыру бойынша тың бастама көтергені ел есінде. Қазіргі уақытта «Майжарма» каналының 412 метріне абаттандыру жұмысы жүргізіліп, толықтай аяқталды. Бұл ретте, ардагерлер қауымының ұсынысы негізінде аталған су арнасының  демалыс аймағына «Балалық шақтан естелік» мүсінін орнату бір ауыздан мақұлданды.

Мемлекеттік қызмет саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған еңбек ардагері Марат Омаров «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы жергілікті халыққа жоғарыда көтерілген мәселеге қатысты Үндеу жолдады.

– Құрметті жерлестер! Тереңөзек кентіндегі «Майжарма» каналының жағалауында жүріп жатқан абаттандыру жұмыстары, осы аумақта кіндік қаны тамып, бал дәурен балалық шағынөткізген, осы жерде абыройлы мемлекеттік қызмет жасаған, өзін тереңөзектікдеп санайтын жерлестерімізді қызықтырмауы мүмкін еместігін білеміз. Аудан әкімінің жастардың ұсынысын қолдау аясында жүргізіп жатқан жұмыстары аяқталғаны мәлім. «Майжармамыз» Тереңөзекке келгенқонақтар мен тұрғындардың есіндеқалатын демалыс орнына айналатынына сенімдіміз. Каналдың арнасында жазда суға шомылатын жағалау, қыста балалар ойнайтын мұз айдыны салынып жатыр. Осы жерде бізді бір ой мазалап жүр. Әрбір шаруаның басталатын, ой толғайтынқорытынды жері болу керек. Осы ойымызды жерлесіміз, иісіқазаққа белгілі мүсінші Жәркен Исмағұловпен бөлісіп ұсыныс жасағанбыз. Шебердің ізденісінен кейін «Балалық шақтан естелік» мүсінінің жобасыөмірге келді. Бұл ескерткіш балалық шақты сағынышпен еске түсіреді. «Майжарманың» жағалауында орналасқан, қолында қармағы мен аулаған балығын құшақтаған, табанықұмға, денесі күнге күйген, майкасы шырындықара мәуеге толған риясыз бала ескерткішінің қасында түскен естелік суреттер бір күні тарихқа айналарына күмәніміз жоқ. Сонымен қатар осы жағалауға орналастыратын осығанұқсас «Ғашықтар», «Әуен» атты балалық, жастық шақтан ой салатын кіші формадағы композициялар мүсіндерінің жобасы жасалды. Бұл мүсін жұмыстардың ерекшелігі – қаражаты бюджеттен тыс, «ерікті демеушілік жасаймын» деген азаматтарға, ұжымдарға, сыныптастарға, отбасыларға ұсынылады, – деген ел ағасы ізгілікті істің маңыздылығына тереңдей түскен.  Сонымен қатар өзгеқалада қоныстанған жерлестерді тың бастаманың жүзеге асуына ұйытқы болуға шақырған.

Аудандық «Достық» үйінде «Майжарма» каналының жағалауына «Балалық шақтан естелік» мүсінін орналастыруға байланысты ел ағаларының басқосу жиыны өткізілді. Жиын барысында келелі істі келтеқылмау барысы талқыланды. Әрине, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жиналғанқаражаттың жұмсалу бағытын бақылау мақсатында арнайы комиссия құрамы жасақталды. 

– Кез келген адамөзінің кіндікқаны тамған туған жеріүшінқолда барын аямасы анық. Балалық шақтың естелігі ретінде «Майжарма» каналының жағалауына «Балалық шақтан естелік» мүсінін орнатуғақолдау көрсетушілерқатары көп. Өз кезегінде аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айгүл Ахметова аудан жастарыныңқолдау көрсететіндігін жеткізді. Бұл ретте,  демеушілік жасаймын деген азаматтар «Достық» үйіне келіп немесе менің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшам арқылы байланыс орнатуына болады. Жиналған барлыққаражаттың есебі ауқымды жоба жүзеге асқаннан кейін берілетін болады. Сонымен қатар демеуші болған азаматтардың есімі мәрмәр таспен бірге қола қобдишаға қашалып жазылатын болады. Өз кезегінде 50 жыл өткеннен кейін ұрпақтарының ашуымен жергілікті халыққа таныстырылады деген үміт бар. Құнды естелік аудандық музейге уақытысында қойылады,– дейді Марат Омаров. 

         Бұл ретте, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айгүл Ахметова аталған бастамаға байланысты үн қосты. 

– Балалық шағымыздың куәсі бола білген, «Майжарма» каналының сағасында суға түсіп, талай қызықты күндерді бастан өткерген едік. Кішкентай кезімізден жанымызға ыстық көрінетін «Майжарма» каналы бүгінде жаңа кейіпке еніп келеді. Аудан әкімінің қолдауымен жүргізіліп жатқан Майжарма каналының жұмыстары аяқталуға жақын. Канал жағасында балалар суға түсіп, қыста мұз айдынында ойнауға мүмкіндік алмақ. Бұл нәтижелі жұмыстың жемісі деп білеміз. "Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас" деген қанатты сөз бар! Туған жерге жанашырлығымызды білдіретін кез келген секілді. Ел болашағы балалар үшін абаттандырылып жатқан Майжарма каналы бойына жергілікті мүсінші Жәркен Исмағұлов ағамыздың туындысы «Балалық шақтан естелік» кіші архитектуралық формадағы мүсін орнатылмақ. Ескерткіш жоба аясында немесе бюджет қаржысынан емес, ауыл азаматтарының қолдауымен жүргізілмек.  Туған жерін ұмытпай «Елге қызмет ету парызымыз» дейтін азаматтар ауылда жетерлік деп есептеймін. Туған жердің гүлденуіне, атсалысам « Балықшы бала» мүсініне өз үлесімді қосам дейтін жастарды қолдауға шақырамын. Ауылдан түлеп ұшқан түлектер бас қосып, игілікті іске атсалысып жатса мақтанышпен еске аламыз және көшіміз көркейе бермек!

 

Тағы да оқыңыз: