Kyzylorda-news.kz. Ауданның мәдениет саласы аудан халқына мәдени-рухани қызмет көрсетіп келе жатқан үлкен сала. Аудан көлемінде өтетін барлық ұлттық, мемлкеттік, кәсіби мерекелер мәдени қызметкерлердің ұйымдастыруымен өтеді. Мұнан бөлек ауданның өнерін елімізге, облысқа, республикаға, тіпті әлемге танытып жүрген өнерпаздар да бар. Мәдениет саласының басшысы Жігер Айекешов өнерпаздар бағындырған белестер туралы сұхбат берген болатын.
– Жігер Оңдасынұлы, аудан халқына мәдени қызмет көрсететін мәдениет үйлері мен клубтар, кітапханалардың жұмысын үйлестіруде өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы айтсаңыз?
– "Сыр елі – жыр елі" дегендей киелі Тереңөзек топырағы таланттардың мекені. Ауданда халқына 34 мәдениет мекемелері қызмет көрсетеді. Атап айтқанда 16 мәдениет үйлері мен клубтар – аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, кент клубы, 5 ауылдық мәдениет үйлері, 8 ауылдық клубтар,1 жылжымалы мәдени – демалыс кешені (автоклуб), 17 кітапхана – аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, №1 филиал кітапханасы және 14 ауылдық кітапханалар.
Сонымен қатар, аудан көлемінде 14 Халықтық ұжым жұмыс жасауда. Олар 2 театр, «Құрақтың Досжаны» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, «Садуақасовтар», «Сарыбаевтар» отбасылық ансамблдері, "Ритм" ВАА, «Балауса», «Шаттық», «Сыр гүлі» би ансамблдері, «Жадыра», «Жан шуақты», «Ақ дариға» әжелер ансамблдері, «Дала дидары» мәдени-үгіт бригадасы және «Көңіл ашар» ойын-сауық отауы.
Аудан мәдениет саласында барлығы 285 қызметкер мен жұмысшылар жұмыс жасайды. Оның 7-і бөлім аппаратында, 41-і аудан кітапханаларында, 237-і аудан мәдениет үйлері мен клубтарында қызмет етеді.
Мәдениет пен өнерді дамытуға атсалысып жүрген 97 үйірме бар, оған 1275 өнерпаз қатысады. Айту керек, 2022 жылы аудандық мәдениет үйі жанынан Этно-Рок ансамблі, Ақжарма ауылдық мәдениет үйі жанынан "Дала даусы" мәдени-үгіт бигадасы, Қалжан ахун ауылдық клубы жанынан Домбыра үйірмесі ашылды.
Аудан өнерпаздары 163 (халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық) байқауға қатысып, 182 жүлделі орындарды, оның ішінде 32 бас жүлде, 59 І-орын және 91 ІІ және ІІІ орындарды жеңіп алды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық білім бөлімімен бірлесіп балалар хор ұжымын (40 оқушы) және этно-рок группа ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Сонымен қатар, аудан бойынша «Сұлу-ай» және «Жадыра» шығармашылық өнер орталықтарының қолдауымен ауданда 10 елді мекенде Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Ақжарма, Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетов 4-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған 41 шығармашылықпен айналысатын үйірмелер ашылып, 770-ге жуық бала түрлі бағыттағы үйірмелермен қамтылды. Өнерлі балалар эстрадалық вокал, шешендік өнер, прима, бисермен жұмыс, көркем оқу, ұлттық би, сурет салу, домбыра, пернелі аспаптар, оркестр, ансамбль бағытына машықтанады.
– Аудандық бюджеттен мәдениет саласы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қанша қаражат бөлінді?
– Аудандық бюджеттен мәдениет саласына 2022 жылдың қаңтар айында 9383,6 млн.теңге қаржы бөлініп, қажетті заттар алынды. Атап айтқанда, аудандық мәдениет үйіне 2678,6мың теңге қаржыға музыкалық дыбыс жазу студиясы (компьютер, манитор, колонка, микрофон, дыбыс картасы, құлаққап т.б), 1920,0мың теңге қаржыға «Балауса» халықтық би ансамблінің бишілеріне 24 дана ұлттық киімдер (көйлек, қамзол, шалбар, тақия, туфли),1200,0мың теңгеге «Ритм» ВАА мүшелері мен әншілерге 8 дана сахналық костюм, 600,0 мың теңге «Шаттық» балалар хор ұжымына 20 дана (костюм, юбка, көйлек, галстук, бант) сахналық костюмдер, 1710,0мың теңгеге халық театрының мүшелеріне образдық 10 дана киім (Билер мен Хандар, Батырлар образына – бөрік, шапан, көйлек, шалбар, қынама, белдемше, кебіс), 900,0 мың теңгеге «Бес ғасыр» 5 дана этностильдегі ұлттық киімдер (көйлек, бөрік, етік, шапан, белдемше) және 375,0мың теңгеге 5 дана әншілерге арналған сахналық киімдер тігіліп, алынды.
Демеушілер және ата-аналардың қолдауымен 814,6 мың теңге қаржыға бишілерге және көркемөнерпаздарға 63 дана ұлттық және би жанрына қарай түрлі нақышта киімдер тігіліп берілді. Олардың 43 данасы балаларға, 20 дана ересектерге арналған.
Сонымен қатар, «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығы Айдарлы және Іңкәрдарияда ашылған домбыра үйірмесі мүшелеріне 20 дана домбыра, 1 баян аспабы алып берілді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша ақылы қызметтің жоспары 10250,8 мың теңге болса, орындалғаны 8640,3 мың теңге немесе 84,2 пайызға орындалды. Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша жылдық жоспар 10250,8 мың теңге. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап мәдениет үйлері мен клубтар бойынша ақылы қызмет жоспарын 14750,0 мың теңге болып бекітілді.
Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша 2022 жылдың есепті кезеңіне 829 мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, 107978 көрерменмен қамтылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды – Балалар жылы деп жариялауына орай сала бойынша есепті кезеңге 223 іс-шара өткізілді, оған 25076 бала қамтылды. "Балалар жылына" орай ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары аудан орталығында «Өнерпаз болсаң арқалан» атты концерттік бағдарламасын, 1-маусым «Балаларды қорғау күніне» орай «Жалын» тынығу лагерінде демалған оқушылар мен мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде концерттік бағдарламалар, 3-Д форматында мульфильмдер топтамасы көрсетілді.
«Балауса» халықтық би ансамблінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты концерт, З.Ибадуллаевты еске алуға арналған «Бір күні кесірткені міндім ерттеп» атты облыстық жас ақындар айтысы, «Үкілі домбыра» аудандық байқауы өтті.
Айдарлы халық театрының ұйымдастыруымен А.Атымтаевтың «Кім патша?» ертегісі желісінде қойылым-концерт және «Біз өмірге құштармыз» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасында концерт, түрлі тақырыптарда суретшілер байқауы, мульфильдер топтамасы, т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен бірлескен «Жұлдызды жұп» телевизиялық жобасы, Р.Бағланованың 100 жылдығына орай «Ақ маңдайлым» атты әншілер байқауы жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылды.
Вокалды аспапты ансамблдерінің қатысуымен «Сыр әуендері» атты облыстық байқауы, композитор, Р.Таймановтың әндерін орындаушылардың «Қазақ қызы» атты республикалық ән байқауы, Сыр сүлейі, ақын Тұрмағанбет Ізтілеуұлының шығармашылығына арналған «Назым сөздің шебері» атты облыстық термешілер байқауы, ұстаз, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ғасыр саңлағы» атты облыстық, аудандық мүшәйра, отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» байқауы, Ауған соғысы және Чернобыль апаты ардагерлерімен кездесу кеші көреремендердің ыстық ықыласын алған іс-шаралар.
Сырдария ауданының Құрметті азаматы, Мәдениет саласының ардагерлері Ж.Айсиннің және сазгер, аудандық, облыстық байқаулардың лауреаты Е.Әдікеновтың 70 және мәдениет майталманы А.Бахтиярованың 75 жылдығына орай кездесу кештері, Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Кино Тарих» атты Отандық кинофильмдерден қойылым, «Жан шуағы» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ән байқауы, 3 рет қайырымдылық концерті, ақын М.Шахановтың 80 жылдығына орай «Қайсар рухты ақын» атты аудандық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы және жастар арасында «Жайдарман» сайыстары, би кештері, басқа да түрлі форматтағы мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, аудан өнерпаздары елді мекендегі халықтың, еңбек адамдарының, жастар мен балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Өнер тұнған Сырдария» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада балалар үшін мультфильдер топтамасын, спектакль Р.Отарбаев – Нашақор жайлы новелла және кешке қарай ауыл орталығындағы алаңдар мен клубтарда концертті қамтылды.
2022 жылы сала мамандарының бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында Айдарлы және Тереңөзек кенті мәдениет үйінде 2 рет «Үйірме – өнерге бастар жол» атты аудандық семинар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Дала дидары» мәдени-үгіт бригадасы дала қостарындағы және қырмандағы диханшылар мен егіншілерге «Ел ырысы – ақ күріш» атты концерттік бағдарламасы өтті.
– Аудан халқына мәдени қызмет көрсетіп отырған кітапханалардың жұмысы туралы айтып өтсеңіз?
– Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 17 кітапхана жұмыс жасайды. 1 аудандық кітапхана, 1 балалар кітапханасы және 15 ауылдық кітапханалар. Жүйеге қарасты кітапханалардың сандық көрсеткіштеріне келетін болсақ оқырмандар саны 15873, кітап берілімі – 271357, келушілер саны – 171963.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапханада 432654 кітап қоры бар, барлығы да электронды катологқа енгізілген. Есепті кезеңге кітапханаға 513 дана кітап алынды (896,5 мың теңге, аудандық бюджеттен – 210 дана, 303 данасы сый ретінде).
«Рабис» бағдарламасы бойынша есепті мерзімге электронды каталогқа 432405 дана кітап түсірілді, аталымы – 255263, бұл кітап қорының 98,9 пайызын құрап отыр.
Кітапхана бойынша 3447 дана кітап, 751086 бет сандық форматқа, оның ішінде ағымдағы жылдың 10 айында 444 дана кітап, 72136 бет және «Тіршілік тынысы» газеті бойынша 288 дана газет сандық форматқа енгізілді.
2022 жылы кітапханалар жүйесінде 687 түрлі бағытта мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында «Сыр бойының сокралды ескерткіштері», «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұрасы» т.б.тақырыптарда дөңгелек стол, таным сағаты, басқа да мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.
«Балалар жылына» орай кітапханаларда «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» т.б. тақырыптарда кітап көрмелері, Халықаралық кітаптар күніне орай «Тапқыр достар» атты зияткерлік сайыс, ертегілерді дауыстап оқу, оқырмандар конференциясы, ойын сағаттары ұйымдастырылды.
Орталық кітапхана жанынан балалар үшін «Суретші», «Фантазия», «Шебер қолдар», қыз-келіншектерге арналған «Сырласу» үйірмелері ашылып, жұмыс жасауда.
– Аудандағы тарихи ескерткіштер жайын білсек?
– 2023 жылдың сәуір айынан бастап аудандық тарихи-өлкетану музейіне реэкспозиция жұмыстары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудан бойынша 58 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 4-і республикалық маңызы бар (Мүлкалан кесенесі, ХҮІ ғ., Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғ. Асанас кесенесі, ХҮІІ ғ. Қожан қожа кесенесі, ХҮІІІ ғ.), 14 жергілікті маңызы бар және 40 ескерткіш алдын ала тізімге алынған. 58 ескерткіштің 15-і археологиялық, 43-і қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып бөлінеді.
2023 жылға бөлім тарапынан алдын ала тізімге алынған 11 тарихи-мәдени ескерткіштерді жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне алу үшін ауыл округі әкімдеріне бюджеттік өтінім дайындауға арнайы ұсыныс хат берілді.
– Мазмұнды әңгімеңізге рақмет!