Kyzylorda-news.kz. Қасиетті Сырдария өзенімен аттас Сырдария ауданының халқына 34 мәдениет мекемелері қызмет көрсетуде. Оның ішінде 16 мәдениет үйлері мен клубтар, 5 ауылдық мәдениет үйлері, 8 ауылдық клубтар, 1 жылжымалы мәдени – демалыс кешені (автоклуб) бар. Аудан халқының рухани қазынасы – аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, №1 филиал кітапханасы және 14 ауылдық кітапханалар қызмет етеді.

Сонымен қатар, 14 Халықтық ұжым жұмыс жасауда. 2 театр, «Құрақтың Досжаны» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, «Садуақасовтар», «Сарыбаевтар» отбасылық ансамбльдері, Ритм ВАА, «Балауса», «Шаттық», «Сыр гүлі» би ансамблдері,  «Жадыра», «Жан шуақты», «Ақ дариға» әжелер ансамблдері, «Дала дидары» мәдени-үгіт бригадасы және «Көңіл ашар» ойын-сауық отауының халықтық атағы бар.

Ауданның мәдениет саласында 285 қызметкер мен жұмысшылар жұмыс жасайды. Оның 7-і бөлім аппаратында, 41-і аудан кітапханаларында, 237-і аудан мәдениет үйлері мен клубтарында қызмет етеді.  Салада 101 үйірме бар, оған 1303 өнерпаз қатысады. 
Аудан өнерпаздары есепті кезеңде 71 халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқауға қатысып, 115 жүлделі орындарды, оның ішінде 30 - Бас жүлде, 41 - І орын және 44 -  ІІ және ІІІ орындарды жеңіп алды.

Аудан бойынша «Сұлу-ай» және «Жадыра» шығармашылық өнер орталықтарының  қолдауымен ауданда 10 елді мекенде Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Ақжарма, Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетов 4-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған 41 шығармашылықпен айналысатын үйірмелер  ашылып, 770-ге жуық бала түрлі бағыттағы үйірмелермен қамтылып отыр. Өнерпаздар эстрадалық вокал, шешендік өнер, прима, бисермен жұмыс, көркем оқу, ұлттық би, сурет салу, домбыра, пернелі аспаптар, оркестр, ансамбль үйірмелерінде шығармашылық қабілеттерін дамытуда.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ақылы қызметтің жоспары 14750,0 мың теңге болса, 5 айда орындалғаны 5523,9 мың теңге немесе 37,4 пайызға орындалған. Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша 5 айда 1135 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, 107978 көрерменмен қамтылған. 

Аудандық кітапханада 786339 бет сандық форматқа көшірілді

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалардың сандық көрсеткіштеріне келетін болсақ, оқырмандар саны 1876, ағымдағы жылдың есепті кезеңіне  кітап берілімі – 29780, келушілер саны – 19284.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапханада 434567 кітап қоры бар, барлығы да электронды катологқа енгізілген. Есепті кезеңге кітапханаға 737 дана кітап (мемлекеттік тапсырыспен – 307 дана, аудандық бюджеттен – 191 дана, сыйға тартылған – 239 дана кітап) алынды.

«Рабис» бағдарламасы бойынша есепті мерзімге электронды каталогқа 425196 дана кітап түсірілді, аталымы – 211357, бұл кітап қорының 98,9 пайызын құрап отыр.
Кітапхана бойынша 3642 дана кітап, 786339 бет сандық форматқа, оның ішінде ағымдағы жылы 69 дана кітап, 18422 бет және «Тіршілік тынысы» газеті бойынша 354 дана газет сандық форматқа енгізілді.

Ауданда 58 тарихи-мәдени ескерткіш мәдениет қорғауына алынған

Аудан бойынша 58 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде  4-і республикалық маңызы бар – Мүлкалан кесенесі, ХҮІ ғ., Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғ. Асанас кесенесі, ХҮІІ ғ. Қожан қожа кесенесі, ХҮІІІ ғ., 14 жергілікті маңызы бар және 40 ескерткіш алдын-ала тізімге алынған. Облыстық комиссия отырысының 14.03.2019 жылғы №1 хаттамасымен 11 ескерткіш тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілді 58 ескерткіштің 15-і археологиялық, 43-і қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып бөлінеді. 2023 жылдың мамыр-маусым айында Іңкәрдария ауылында орналасқан Мүлкалан кесенесіне реставрация жұмыстары жүргізілді.

Ауданда 134 спорт нысаны бар

Халықты дене шынықтыру және спортқа тартуға байланысты ауданда – 1-спорт клубы, 2-спорт мектебі, 17-жалпы білім беретін мектеп пен  1-аграрлы техникалық колледж, 1 балалар жасөспірімдер клубы жұмыс жасайды. Жастарға спортты жанына серік ету арқылы  дені сау ұрпақ қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелі әрі саналы жастардың қатарын арттыруға түрлі бағытта жарыстар ұйымдастырып келеді. 
Жастарымыз спортпен шұғылдануы үшін ең бірінші кезекте 134-дене шынықтыру және спорт нысандары бар. Оның ішінде, 2-стадион, 5-спорт кешен, 30-спорт зал, 22-жапсарлас спорт зал, 1-тир, 74 жазықтық құрылғылар – оның ішінде 2-спорттық ядро, 40-қарапайым спорт алаңы, 22-шағын жасанды синтетикалық төсеніштен жасалған спорт алаңдары және 10 алаң  жұмыс жасауда. Аталған спорт нысандары тегін қызмет көрсетеді. Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында «Мансұр» спорт клубында балалар мен жасөспірімдерге арналған ақысыз түрде спорт секциялары жұмыс жасап, онда барлығы  5-15 жас аралығында 349 бала жаттығуда.   

Аудан бойынша 2023 жылдың 5 айында 77 дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 11033 қатысушы тартылды. Аудандық және аудандық ашық деңгейде –  67 жарыс. Облыстық және облыстық ашық деңгейде –  7 жарыс, республикалық – 3 жарыс өткізілді. 2023 жылы дене шынықтыру және спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 49 533,0 мың тг қаражат бөлінді.    

 
Аудан спортшылары есепті мерзімге облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді.  ҚР чемпионатынан – 22 медаль, Азия чемпионатынан – 2 медаль, Әлем чемпионатынан – 1 медаль. Спортшылар тоғызқұмалақ, гір көтеру, волейбол, панкратион, шахмат, президенттік көп сайыс, жеңіл атлетика, асық атудан жүлделі орындар алды.

Шешімін күткен мәселелер 

Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары бойынша 6 шығармашылық ұжымға ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 07.07.2016 жылғы №204 бұйрығымен «халықтық» атағы берілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін 6 халықтық ұжымның 12 штат бірліктерін жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі бүгінгі күнге дейін шешімін таппаған. Шіркейлі ауылында 3 – «Шаттық» би тобы, «Көңілашар» ойын-сауық отауы, «Ақ Дариға» әжелер ансамбілі, Аманкелді ауылында 1 «Жадыра» әжелер ансамбілі, Бесарық ауылында 1 «Жаншуақты» әжелер ансамбілі, Шаған ауылында 1«Сыр гүлі» би ансамблі.

Сонымен қатар аудан орталығындағы мәдениет үйі, Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетов, Бесарық ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының дыбыс күшейткіш аппаратураларын жаңалауды қажет етеді. 

Тағы бір өзекті мәселе – Тереңөзек кентінде (бұрыңғы О.Мәлібаев ауылы) орналасқан кітапхана ғимаратының қәзіргі жағдайына байланысты, яғни кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ғимаратты газбен жылытуға қосу және кітапханаға келушілерге аяқ жол салу мәселесін әлеуметтік желіде жазылып жүр. Ағымдағы жылдың сәуір айында «Қызылдихан» шаруа қожалығынымен және демеушілер есебінен басталған ғимарат құрылысы тоқтап тұр.

Кітапхана ғимараты «Қызылдихан» шаруа қожалығының меншігінде. Қәзіргі уақытта ғимараттың нақты құжаттары жоқ. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары сол кездегі кеңшар басшылығы тарапынан бос тұрған ғимарат кітапханаға уақытша пайдалануға берілген. Ғимаратты аудандық орталық кітапхананың теңгеріміне алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген тиімсіз. Себебі, ғимарат өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған, ескірген.

Сондай-ақ, кент және елді мекендерде орналасқан спорт алаңдарының жағдайы қазіргі таңда сын көтермейді. Сондықтан алдағы уақытта барлығы 20 спорт алаңдарын жергілікті бюджет есебінен немесе демеушілік есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Ауданның ономастикасына байланысты шешімін күткен мәселелер де бар. Бүгінгі таңда кент және ауылдық округтердің көшелеріне және объектілеріне Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне, білім, мәдениет және басқа да сала ардагерлерінің есімдерін беру жәнінде өтініштер мен жеке қабылдауларда азаматтардың осы мәселені көтеруі – ономастика саласының идеологиялық тұрғыдан қоғамдық-саяси маңызы ерекше екенін көрсетіп отыр.  Осыған сәйкес, облыстық ономастика комиссиясымен шешілетін ұсыныстарды кент және ауыл округі әкімдері алдымен халықтың пікірін ескере отырып  жергілікті қоғамдастықта, ардагерлер мен Қоғамдық кеңесте қарап ұсынуды және жергілікті тұрғындарға барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу өте маңызды.        

 

Тағы да оқыңыз: