Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы, айтыскер ақын, үш дүркін “Алтын домбыра” иегері Мұхтар Ниязов Қырғызстан Республикасында өткен халықаралық ақындар айтысында Бас бәйге иегері атанған болатын.
Бүгін Сыр еліне Мұхтар Мәуленұлы жүлдемен оралып, жерлестері құрметпен күтіп алды. Аймағымыздың өнер жанашырлары мен Сыр жастары Тұңғыш Президент саябағында жиналып, мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов ақынның халықаралық айтыста ел мәртебесін биіктеткен жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Жас ақын Сандыбай Піржан өз арнау өлеңін жолдады.