Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Достық үйінде дәстүрге айналған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен бастауыш және мектепке дейінгі балаларға арналған жаңа жылдық шырша кеші өтті. 

Ертеңгілікті Галина Щербакова бастаған «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының белсенділері ұйымдастырып, өткізді. Оған славян, шешен, татар, еврей этномәдени бірлестіктердің, "Анар бэби" орталығының бүлдіршіндері, православ шіркеуінің жексенбілік мектебіне қатысушылары, аз қамтылған отбасылардың балалары және славян этномәдени бірлестігімен белсенді қызмет ететін қала мектептерінің оқушылары шақырылды. Барлығы 800-ге астам бала қатысты.

Шығыс күнтізбесі бойынша 2023 жыл – қоянның жылы, сондықтан көптеген көріністер осы жануармен байланысты болды. Мысалы, шыршаға қатысушылар «Патша және Күлмес ханшайым» ертегісінің желісі бойынша қойылымды көрді. Балалар Күлмес ханшайымды күлдіру үшін барын салды.

Балалар бірлесіп  Аяз Ата мен Ақшақарды атады. "Сударушки",  "Надежда" вокалдық тобымен және оның солистерімен бірге жаңа жылдық әндер шырқап, шыршаны айналды. «Жемчужинка» би тобымен бірге әсерлі, флешмоб билерін биледі, тақпақтар айтты, қысқы сиқыршылардан жұмбақтар шешті, көңілді эстафеталарда жылдам және ептілік көрсетті.

Рождество қарсаңында өткен мерекелік ертеңгіліктің соңында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулдығы атынан барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

MW6A4440.JPG

 

MW6A4567.jpg

Тағы да оқыңыз: