Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Славяне жазбасы мен мәдениеті күніне арналған концерт өтті.

Шараның мақсаты – бірлік пен татулықты нығайту болып табылады. Іс-шарада 24 мамыр – Славян жазбасы мен мәдениеті күнінің тарихи мәні түсіндірілді. Кирилл мен Мефодийдің өмір жолы, олардың славян жазуын – әліпбиді жасаудағы рөлі туралы деректер айтылды. Түрлі өнер ұжымдары мен мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.

№5 мектептің оқушылары славян әліппесінің көне әріптері бейнесінде көрініс көрсетті. Сударушки» вокалдық тобы Абайдың сөзіне жазылған «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, қазақ және славян мәдениетінің үндестігін көрсетті.

Сонымен қатар, жас өнерпаздар А.С.Пушкин шығармалары бойынша көріністер қойып, скрипкада ойнап, күй орындады. «Анар Бэби» шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері әдеби монтаж жасап, ән мен биден шашу шашты. Шара соңы көңілді әуендермен жалғасты.

Мерекелік бағдарлама аясында №5, №198 және «Мансап» мектептерінің бітіруші түлектеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, А.С. Пушкиннің кітаптары тарту етіліп, шараға қатысқан барлық өнерпаздарға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов және Славяне орталығының төрағасы Галина Щербакова алғысын білдірді.

Фото: Ассамблея Қызылорда

Тағы да оқыңыз: