Kyzylorda-news.kz “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында Шиелі аудандық «Арман» мәдениет үйінде “AMANAT” партиясы аудандық филиалы және аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Үлгілі келін – 2025» байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты – келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын, салт-дәстүрді ұстануын, отбасы құндылықтарын құрметтеу. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар әдет-ғұрыптың қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу.

Байқауда келіндер ережеге сәйкес 4 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен: бас жүлде – Билалова Айымға бұйырды. Ал, І орынды – Жұмабаева Жұмакүл жеңіп алса, ІІ орынды – Дүйсебай Меруерт қанжығалады. Сондай-ақ ІІІ орындар – Өмірзақ Шапағат пен Әбенова Мөлдірге табысталды.
Байқау жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар берілсе, қалған қатысушыларға алғыс хат пен 10 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары табысталды.

